О внесении изменений приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года № 118 «Об утверждении Правил определения тарифа на поддержку возобновляемых источников энергии»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года № 118 «Об утверждении Правил определения тарифа на поддержку возобновляемых источников энергии»
- Атауы (қаз.)
- «Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 118 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 179
- Қабылданған күні
- 12.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 12.05.2023 181245_632356.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032484
- ЭКБ идентификаторы
- 181245
- Редакция идентификаторы
- 181245_632356
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:06
0 «Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 118 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №118 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10622 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
««Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларында:
2-тармақта:
9) және 10) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:
«9) жаңартылатын энергия көздерінен, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан алынатын электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын шартты тұтынушылар (бұдан әрі – шартты тұтынушылар) – көмірді, газды, құрамында күкірт бар шикізатты, мұнай өнімдері мен ядролық отынды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар;
2016 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілгендерді қоспағанда, жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар гидроэлектр станциялары;
10) қайталама энергетикалық ресурстар – электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын ферроқорытпа, кокс және доменді газдарды пайдалану бөлігінде өнеркәсіптік өндіріс процесінде жанама өнім ретінде түзілетін энергетикалық ресурстар;»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар жыл сайын он бесінші қазанға қарай қаржы-есеп айырысу орталығына айларға бөле отырып, болжанатын жылға арналған электр энергиясын желіге берудің болжамды көлемдері туралы ақпаратты Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.»;
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Шартты тұтынушылар мен басым шартты тұтынушылар ай сайын қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын жеткізу айына дейін күнтізбелік он күн бұрын оны шығарудың, желіге берудің, энергия беруші ұйымдарға берудің болжамды көлемдері туралы ақпарат береді.»;
Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына 1-қосымшада оң жақ жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Жаңартылатын энергия көздерін
қолдауға арналған тарифті
айқындау қағидаларына
қосымша».
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі