Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 20 августа 2015 года № 124 «Об утверждении Методики построения индексов цен экспортных поставок и импортных поступлений»

Бұйрық · № 100 · қабылданған 13.07.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2015-no-124/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 20 августа 2015 года № 124 «Об утверждении Методики построения индексов цен экспортных поставок и импортных поступлений» Қолданыста Бұйрық ·№ 100 ·13.07.2017
13.07.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 20 августа 2015 года № 124 «Об утверждении Методики построения индексов цен экспортных поставок и импортных поступлений»

Қолданыста Бұйрық ·№ 100 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 20 августа 2015 года № 124 «Об утверждении Методики построения индексов цен экспортных поставок и импортных поступлений»
Атауы (қаз.)
«Экспорттық жеткізілімдер мен импорттық түсімдер бағасының индекстерін құру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 20 тамыздағы № 124 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
100
Қабылданған күні
13.07.2017
Көрсетілген редакция
13.07.2017 114158_220291.kaz
Соңғы өзгеріс
13.07.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015493
ЭКБ идентификаторы
114158
Редакция идентификаторы
114158_220291
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:30

0 «Экспорттық жеткізілімдер мен импорттық түсімдер бағасының индекстерін құру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 20 тамыздағы № 124 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағы 258) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Экспорттық жеткізілімдер мен импорттық түсімдер бағасының индекстерін құру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 20 тамыздағы № 124 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12063 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Экспорттық жеткізілімдер мен импорттық түсімдер бағасының индекстерін құру әдістемесінде:
4-тараудың 26-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Бағалар жасалған мәміле валютасында кеден бажы ескерілмей тіркеледі және бекітілген өлшем бірлігі үшін бүтін сандармен көрсетіледі. Кейіннен оларды теңгеге қайта есептеу жүргізіледі. Жасалған мәміле валютасынан бағаны теңгеге қайта есептеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валютаны ресми айырбастау бағамдары пайдаланылады. Қайта есептеу кезінде айырмашылықтарды болдырмау үшін және таза бағалық салыстыруды қамтамасыз ету үшін басқа елдердің валюталарына ұлттық валюта бағамының бірыңғай күні қолданылады».

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баға статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баға статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы