О внесении изменений в приказ и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 20 января 2015 года № 21 «Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие заявителя на осуществление деятельности по предоставлению услуг в области связи»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 20 января 2015 года № 21 «Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие заявителя на осуществление деятельности по предоставлению услуг в области связи»
- Атауы (қаз.)
- «Өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптарын және құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 21 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 231/НҚ
- Қабылданған күні
- 05.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 05.07.2023 183781_641877.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033052
- ЭКБ идентификаторы
- 183781
- Редакция идентификаторы
- 183781_641877
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:59
0 «Өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптарын және құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының
2015 жылғы 20 қаңтардағы № 21 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптарын және құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 21 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10373 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптарында және құжаттар тізбесінде:
реттік нөмірі бірінші жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1
техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамы, телекоммуникация саласында бейінді жоғары, техникалық немесе кәсіптік білімі бар инженерлік-техникалық мамандардың жалпы санының кемінде үштен бірі
өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптарына және құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес байланыс саласындағы қызметті көрсету бойынша қызметпен айналысу үшін қажетті ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (бұдан әрі – Мәліметтер нысаны)
»;
қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республткасының
Ұлттық экономика министрлігі
0 Өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптары және құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
2023 жылғы 5 шілдедегі
№ 231/НҚ бұйрығына
қосымша
Өтініш берушінің байланыс
саласында қызметтер көрсету
жөніндегі жұмысты жүзеге
асыруға сәйкестігін растайтын
біліктілік талаптары және
құжаттар тізбесіне
қосымша
Өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптары және құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны
1 1. Қызметтің барлық кіші қызмет түрлері үшін:
1 1) Тиісті білімі мен мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамының тізімі:
тегі, аты, жөні, лауазымы ________________________________________;
тағайындау туралы қол қойылған бұйрықтың нөмірі және күні _________;
мамандығы бойынша жұмыс өтілі _________________________________;
білімі бойынша мамандығы ______________________________________;
жоғарғы техникалық білімі туралы дипломның нөмірі мен берілген күні
_______________________________________________________________;
байланыс саласында даярлық және біліктілігін арттыру бойынша курстардан
өткені туралы куәліктерді немесе сертификаттарды беру нөмірі мен
күні _____________________________________________________________
2
2) «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17 және 19-баптарының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген байланыс операторының деректер таратуды өлшеу жүйесі мен қосылу ұзақтығын өлшеу жүйесі бар болуы міндетті трафикті есепке алу жүйелері:
тексеру сертификатының нөмері мен күні __________________________.
3
3) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес барлық байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау шараларын жүргізуді қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ барлық байланыс желілеріндегі абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау және екі жыл ішінде сақтауды жүзеге асыру мүмкіндігі бар аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдар:
сәйкестік сертификатының нөмері мен күні ________________________;
жедел-іздестіру, қарсы барлау шараларын жүргізу функцияларымен телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалануға енгізуге берілген актісінің нөмірі мен күні ______________________________________________________.
2 2. Жылжымалы жерсеріктік байланыс қызметтерін көрсету үшін:
1 1) Жерсеріктік байланыстың жердегі станциялары:
берілген сәйкестік сертификатының нөмері мен күні _________________.