Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата Жанааркинского района от 20 марта 2015 года № 22/01 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Отдел сельского хозяйства Жанааркинского района»

Қаулы · № 04/02 · қабылданған 19.01.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2015-no-2201/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата Жанааркинского района от 20 марта 2015 года № 22/01 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Отдел сельского хозяйства Жанааркинского района» Күшін жойған Қаулы ·№ 04/02 ·19.01.2016
22.04.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата Жанааркинского района от 20 марта 2015 года № 22/01 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Отдел сельского хозяйства Жанааркинского района»

Күшін жойған Қаулы ·№ 04/02 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата Жанааркинского района от 20 марта 2015 года № 22/01 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Отдел сельского хозяйства Жанааркинского района»
Атауы (қаз.)
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №22/01 «Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
04/02
Қабылданған күні
19.01.2016
Көрсетілген редакция
22.04.2016 99815_87875.kaz
Соңғы өзгеріс
22.04.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16KL003670
ЭКБ идентификаторы
99815
Редакция идентификаторы
99815_87875
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:04

0 Жаңаарқа ауданы әкімдігінің

2015 жылғы 20 наурыздағы
№22/01 «Жаңаарқа ауданының
ауыл шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы»
қаулысына өзгеріс
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 41 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №22/01 «Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3148 номерімен тіркелді, 2015 жылғы 23 сәуірдегі №23 (9473) «Жаңаарқа» газетінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 16 қарашада жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесінің 16-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«16. Функциялары:
1) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына және осы саладағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
2) агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны аудандық жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;
3) тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат ұсыну;
4) тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдері, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды тіркеу және тіркеу құжаты (телнұсқа) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру;
5) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға емтихан қабылдау және жүргізу құқығына куәліктер беру;
6) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенім хат бойынша жүргізетін адамдарды тіркеу;
7) тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу;
8) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;
9) ауыл шаруашылығы саласы бойынша субсидияларды алу жөнінде ақпарат дайындау, жеке және заңды тұлғалардан тиісті құжаттарды қабылдау;
10) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинауды жүзеге асыру;
11) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
12) қатынаста әкімгер болып табылатын бюджеттік бағдарламалар нәтижесіне жету және орындау, жаңару, жоспарлау;
13) Қазақстан Республикасының  заңнамасымен  белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру.».

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаарқа ауданы әкімі аппаратының басшысы Қанат Шубайұлы Қожықаевқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы