О внесении изменения и дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 231 "Об утверждении Правил охраны электрических и тепловых сетей, производства работ в охранных зонах электрических и тепловых сетей"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 231 "Об утверждении Правил охраны электрических и тепловых сетей, производства работ в охранных зонах электрических и тепловых сетей"
- Атауы (қаз.)
- "Электр және жылу желiлерiн күзету, электр және жылу желілерінің күзету аймақтарында жұмыс жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 231 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 703
- Қабылданған күні
- 09.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 28.09.2017 98276_254423.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.09.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012928
- ЭКБ идентификаторы
- 98276
- Редакция идентификаторы
- 98276_254423
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:11
0 «Электр және жылу желiлерiн күзету, электр
және жылу желілерінің күзету аймақтарында
жұмыс жүргізу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Энергетика
Министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 231 бұйрығына өзгеріс
пен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1.«Электр және жылу желiлерiн күзету, электр және жылу желілерінің күзету аймақтарында жұмыс жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 231 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11011 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде
2015 жылғы 19 маусымда жарияланды) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр және жылу желiлерiн күзету, электр және жылу желілерінің күзету аймақтарында жұмыс жүргізу қағидаларында:
2-тарау мынадай мазмұндағы 59-1, 59-2 және 59-3-тармақтарымен толықтырылсын:
«59-1. Жоғары кернеуі 6-дан 20 кВ-ге дейін секцияланған және таратушы пункттері бар кіші станцияларына бөлінген жер учаскелерінің алаңдары осы Қағидалардың 3-қосымшаның 1-кестесінде келтірілген шамалардан артық болмайды.
59-2. Жоғары кернеуі 35-тен 1150 кВ-ге дейінгі электр қосылыстарының (жиынтықты қоса алғанда) әр түрлі схемалары бар кіші станцияларға бөлінген жер учаскелерінің алаңдары осы Қағидалардың 3-қосымшаның 2-кестесі бойынша орнатылады.
59-3. Осы Қағидалардың 3-қосымшасының 2-кестесінде келтірілген ғимараттың құрамына және кіші станциялардың құрылыстарына сәйкес келмейтін ғимараттар мен құрылыстардың құрамы бар (оның ішінде таратушы құрылғылардың ұяшықтары) шағын станцияларға бөлінген жер учаскелерінің алаңдары 3-қосымшаның 3-кестесінде келтірілген шамаға ұлғайтылады немесе азайтылады.».
4-тарау алынып тасталсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
5
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
____________ А. Мамытбеков
2015 жылғы 23 желтоқсан