О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 233 «Об утверждении Типового договора электроснабжения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 233 «Об утверждении Типового договора электроснабжения»
- Атауы (қаз.)
- "Электрмен жабдықтаудың үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 233 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 648
- Қабылданған күні
- 19.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 23.10.2017 96478_372997.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.10.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012428
- ЭКБ идентификаторы
- 96478
- Редакция идентификаторы
- 96478_372997
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:33
0 "Электрмен жабдықтаудың үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 233 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Электрмен жабдықтаудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 233 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10806 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрмен жабдықтаудың үлгілік шартында:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Энергияны есептеу тәртібі заңнамалармен немесе тараптардың келісімімен айқындалады.
Электр энергиясын тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланбайтын тұтынушылар төлем құжатын ұсынған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде немесе тұтынушы мен өнім беруші арасындағы келісім бойынша Шартта келісілген мерзімде төлемді өтейді.
Электр энергиясын тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланатын тұтынушылар төлемді есептік кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей жүргізеді.
Есеп айырысу кезеңі бір күнтізбелік айды құрайды.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Өнім беруші электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралдары көрсеткіштерінің немесе Шарт талаптарына сәйкес тұтынудың басқа есебінің негізінде есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей тұтынушыға төлем құжатын жазып береді.
Тұтынушылар (электр энергиясын тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланатын тұтынушыны қоспағанда) төлем құжатын өнім берушіден өздері алады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
5
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.