Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 235 «Об утверждении Типовых правил содержания и защиты зеленых насаждений, правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов и Правил оказании государственной услуги «Выдача разрешения на вырубку деревьев»

Бұйрық · № 121 · қабылданған 03.03.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2015-no-235-ekb-165034/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 235 «Об утверждении Типовых правил содержания и защиты зеленых насаждений, правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов и Правил оказании государственной услуги «Выдача разрешения на вырубку деревьев» Қолданыста Бұйрық ·№ 121 ·03.03.2022
03.03.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 235 «Об утверждении Типовых правил содержания и защиты зеленых насаждений, правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов и Правил оказании государственной услуги «Выдача разрешения на вырубку деревьев»

Қолданыста Бұйрық ·№ 121 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 235 «Об утверждении Типовых правил содержания и защиты зеленых насаждений, правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов и Правил оказании государственной услуги «Выдача разрешения на вырубку деревьев»
Атауы (қаз.)
«Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
121
Қабылданған күні
03.03.2022
Көрсетілген редакция
03.03.2022 165034_562933.kaz
Соңғы өзгеріс
03.03.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200027042
ЭКБ идентификаторы
165034
Редакция идентификаторы
165034_562933
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:16

0

«Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙРАМЫН:

1

1. «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекеттері:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі өтінішті осы Қағидалардың 5-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініш жасаған жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттары бар өтініштің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сымен қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 6 (алты) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарда көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтердің сәйкестігін тексереді, өсіп тұрған ағаштардың жасыл екпелер тізіліміне сәйкес орналасқан жерін, сандық және тұқымдық құрамын, олардың күйін нақты анықтау үшін жергілікті жерге барады;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – Кодекстің) 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға ағаштарды кесуге рұқсат беруден бас тарту туралы алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге (тыңдауға) мүмкіндік береді, ол туралы көрсетілетін қызметті алушы шешім қабылданғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.
Тыңдау рәсімі Кодекстің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Құжаттар топтамасын, қорытындыны және тыңдау нәтижесін қарау қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағаштарды кесуге рұқсат беру;
2) ағаштарды кесуге рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберілген ағаштарды кесуге рұқсат беруден бас тарту 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолдайды.»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Шағым келіп түскен жағдайда Кодекстің 91-бабының 4-тармағына сәйкес қызметті беруші оны келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді.
Қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.».
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымы:
көрсетілетін қызметті берушімен, уәкілетті органмен – оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен – оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
11. Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Кодекстің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.»;
1-қосымшада:
реттік нөмірі 4-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
4
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
Электронды (толық автоматтандырылған)
».

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсiн.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Қолданыстағы