Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 244 «Об утверждении Правил ведения и предоставления информации и (или) сведений из государственного градостроительного кадастра Республики Казахстан»

Бұйрық · № 381 · қабылданған 25.05.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2015-no-244-ekb-182106/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 244 «Об утверждении Правил ведения и предоставления информации и (или) сведений из государственного градостроительного кадастра Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 381 ·25.05.2023
25.05.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 244 «Об утверждении Правил ведения и предоставления информации и (или) сведений из государственного градостроительного кадастра Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 381 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 244 «Об утверждении Правил ведения и предоставления информации и (или) сведений из государственного градостроительного кадастра Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 244 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
381
Қабылданған күні
25.05.2023
Көрсетілген редакция
25.05.2023 182106_633951.kaz
Соңғы өзгеріс
25.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032588
ЭКБ идентификаторы
182106
Редакция идентификаторы
182106_633951
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:45

0 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 244 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 244 бұйрығына ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11111 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсыну тәртібін айқындайды.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«2) географиялық ақпараттық жүйе – жер, жер бетінің объектілері, табиғи, техногендік және қоғамдық процестер туралы кеңістіктік ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды, модельдеуді, сақтауды, таратуды және өзге де пайдалануды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;»;
2-тармақтың 10) ,11) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
10) топографиялық карта – классификатор мен шартты белгілерді қолдана отырып, жер бетіндегі нүктелердің жоспарлы да, биіктік те жағдайын айқындауға мүмкіндік беретін белгілі бір масштабтағы жергілікті жердің егжей-тегжейлі картографиялық бейнесі;
11) топографиялық жоспар – жергілікті жердің шектелген учаскесінің белгілі бір масштабында, шегінде деңгейленген беттің қисықтығы ескерілмейтін ортогональды проекциядағы жазықтықта картографиялық бейнелеу;»;
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының геоақпараттық дерекқоры қолданыстағы, жоспарланып және жобаланып отырған құрылыс (реконструкция) объектілері туралы кеңістік ақпаратын қамтуы тиіс, «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қабылданатын координаталардың үшөлшемді жүйесінде қала құрылысы кадастрының республикалық, облыстық, аудандық, базалық деңгейлерінің есепке алу бірліктерін жіктеу мен кодтаудың бірыңғай жүйесіне сәйкес цифрлық нысанда жасалады».».
13-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;
14-тармақтың 26) тармақшасы алып тасталсын;
15-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) Мемлекеттік қала кадастрын, кезекшілік жоспарларын және топографиялық карталарды жүргізу».

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғарғы білім министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

Қолданыстағы