Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата от 20 марта 2015 года № 263 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи»

Ереже · № 251 · қабылданған 07.02.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 05.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2015-no-263-ekb-128990/on/2026-09-05/
Басып шығарылды 2026-09-05 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата от 20 марта 2015 года № 263 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи» Күшін жойған Ереже ·№ 251 ·07.02.2019
28.03.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
05.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата от 20 марта 2015 года № 263 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи»

Күшін жойған Ереже ·№ 251 · 05.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата от 20 марта 2015 года № 263 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи»
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 263 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
251
Қабылданған күні
07.02.2019
Көрсетілген редакция
28.03.2024 128990_695248.kaz
Соңғы өзгеріс
28.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19NR008252
ЭКБ идентификаторы
128990
Редакция идентификаторы
128990_695248
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:10

0 Мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 263 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мәслихаттың «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы № 263 (2015 жылғы 16 сәуірде «Маяк» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5510 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегін «Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) тоқсанына бір рет көрсетеді.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) балама негізде өтініш береді және «Тұрғын-үй – коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11015 болып тіркелген) көрсетілген құжаттарды ұсынады.»;
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Стандарттың 4-тармағында көзделген мерзімде ұсынады.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы