О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 20 января 2015 года № 29 «Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых при лицензировании деятельности в области телерадиовещания и перечня документов, подтверждающих соответствие им»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 20 января 2015 года № 29 «Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых при лицензировании деятельности в области телерадиовещания и перечня документов, подтверждающих соответствие им»
- Атауы (қаз.)
- «Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 29 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 10
- Қабылданған күні
- 14.01.2020
- Көрсетілген редакция
- 14.01.2020 138604_438275.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000019881
- ЭКБ идентификаторы
- 138604
- Редакция идентификаторы
- 138604_438275
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:22
0 «Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 20 қаңтардағы № 29 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
«Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 29 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11301 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген, телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне:
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
5.
Телерадио хабарларын тарату желісін ұйымдастыруға арналған техникалық мүмкіндіктер
1) телерадио хабарларын тарату желісін ұйымдастыру сызбасы;
2) спутниктік оператор ұсынған спутниктік станциялардың қабылдау-тарату желісінде пайдаланылатын трансмиссиялық жоспарлар (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда);
3) мыналар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны: құрылатын желінің атауы (эфирлік, кабельдік, спутниктік, телекоммуникациялар желісі бойынша);
хабар тарату қамтылған аумақ;
пайдаланылатын стандарттардағы желінің түрі;
даму кезеңдері бойынша таратылатын теле-, радиоарналар (тізбесі және қысқаша сипаттамалары);
шартты қолжетімділік жүйелері (оларды пайдаланған жағдайда);
пайдаланылатын спутниктік ресурстың қолда бар жиіліктер белдеуі (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда);
арнаның орташа ақпараттық жылдамдығы (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда);
спутниктік жүйенің энергетикалық сипаттамалары
(спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда) (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)
1) Еркін нысанда құрылған сызба
2) Спутниктік ресурста пайдаланылатын спутниктік ғарыштық аппараттың иеленушісі ұсынған жоспар
»;
қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Нысан
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрінің
2019 жылғы бұйрығына
қосымша
Телерадио хабарларын тарату
саласындағы қызметті лицензиялау
кезінде қойылатын біліктілік
талаптарына және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесіне
қосымша
Нысан
Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау
кезінде қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер нысаны:
1. Қызметкерлер саны:
инженерлік-техникалық мамандар _______________________________;
мамандық бойынша жұмыс өтілі _________________________________;
1 жылға дейін ________________________________________________;
1 жылдан астам _______________________________________________
2. Қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер:
трансляцияның техникалық сапасы: иә/жоқ;
төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыру: иә/жоқ.
3. Техникалық мәліметтер:
1) құрылатын желінің атауы: эфирлік/ кабельдік/ спутниктік/ телекоммуникациялар желісі бойынша;
2) хабарламамен қамту аумағы _________________________________;
3) желі типі _________________________________________________;
стандарт атауы _______________________________________________;
стандарт нөмірі ______________________________________________;
4) таратылатын теле-, радио арналарының тізімі;
даму кезеңдері бойынша тізбе _________________________________;
қысқаша сипаттама________________;
5) шартты қолжетімділік жүйесі пайдаланған жағдайда _________;
6) желіні басқару және пайдалану жүйесін ұйымдастыру қағидаттары
_____________________________________________________;
7) желінің сыйымдылығы және/немесе қосылушылар саны;
көлемі ___________________________________________________ МГц;
қосылушылар саны _____________________________________________;
8) басқа да телерадио хабарларын тарату және байланыс
желілерімен өзара іс-қимылы:
шарттың нөмірі _______________________________________________;
шарттың жасалған күні ________________________________________;
шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _________;
9) нақты техникалық құралдарды көрсете отырып станцияаралық байланыстарды ұйымдастыру тәсілі:
жеке меншік техникалық құралдар бойынша ______________________;
өзге желілердің жалға алынған арналары бойынша _______________;
шарттың нөмірі ______________________;
шарттың жасалған күні _______________;
шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _________;
10) өтініш берушінің желісін басқа операторлардың желісіне қосуды ұйымдастыру тәсілі:
шарттың нөмірі _________________;
шарттың жасалған күні __________;
шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы)_________;
11) жиілік алуға қажетті жабдықтың атауы ______________;
12) бас станцияға таратылатын теле-, радиоарналарды жеткізу көздері мен тәсілдері;
студияның орналасқан орны ____________________________________;
пайдаланылатын желінің типі __________________________________;
13) жердің жасанды спутниктері (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда):
атауы ________________________________________________________;
тиесілігі ____________________________________________________;
орналасқан орны ______________________________________________;
қызмет көрсету аумағы ________________________________________;
жиіліктің орналасқан белдеуі _________________________________;
арнаның жылдамдығы ___________________________________________;
спутниктік жүйенің энергетикалық сипаттамасы _________________
4. Кері трансляциялауға алдын ала жасалған шарттардың болуы:
шарттың нөмірі _______________________________________________;
жасалған күні ________________________________________________;
шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) __________
5. Үй -жайлар мен алаңдардың болуы:
жеке меншік алаңдар __________________________________________;
алаңдар саны _________________________________________________;
жалға алынған орындар ________________________________________;
орындар саны _________________________________________________;
шарттың нөмірі _______________________________________________;
шарттың жасалған күні ________________________________________;
шарт кіммен жасалды___________________________________________;