Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 20 января 2015 года № 29 «Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых при лицензировании деятельности в области телерадиовещания и перечня документов, подтверждающих соответствие им»

Бұйрық · № 42 · қабылданған 17.02.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2015-no-29-ekb-164699/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 20 января 2015 года № 29 «Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых при лицензировании деятельности в области телерадиовещания и перечня документов, подтверждающих соответствие им» Қолданыста Бұйрық ·№ 42 ·17.02.2022
17.02.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 20 января 2015 года № 29 «Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых при лицензировании деятельности в области телерадиовещания и перечня документов, подтверждающих соответствие им»

Қолданыста Бұйрық ·№ 42 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 20 января 2015 года № 29 «Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых при лицензировании деятельности в области телерадиовещания и перечня документов, подтверждающих соответствие им»
Атауы (қаз.)
«Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 29 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
42
Қабылданған күні
17.02.2022
Көрсетілген редакция
17.02.2022 164699_561190.kaz
Соңғы өзгеріс
17.02.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200026884
ЭКБ идентификаторы
164699
Редакция идентификаторы
164699_561190
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:26

0

«Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 29 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 29 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10357 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3 Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2022 жылғы 17 ақпандағы № 42
Бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 20 қаңтардағы № 29
бұйрығымен бекітілген
Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
Р/с №
Біліктілік талаптары
Құжаттар
Ескертпе
1
2
3
4
1.
Телекоммуникация саласында бейінді жоғары, техникалық немесе кәсіптік білімі және мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық тәжірибесі бар инженерлік-техникалық мамандардың жалпы санының кемінде үштен бірі
Телекоммуникациялар саласында бейінді жоғары, техникалық немесе кәсіптік білімі және мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық тәжірибесі бар қызметкерлер, оның ішінде инженерлік-техникалық мамандар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)
2.
Телерадио хабарларын тарату саласындағы қолданыстағы стандарттарға сәйкес теле-, радиоарналар хабарларының техникалық сапасын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер
Телерадио хабарларын тарату саласындағы қолданыстағы стандарттарға сәйкес теле-, радиоарналар хабарларының техникалық сапасын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемені қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)
3.
Төтенше жағдайлар кезінде халықты құлақтандыруды ұйымдастыруға арналған техникалық мүмкіндіктер
Төтенше жағдайлар кезінде халықты құлақтандыруды ұйымдастыру схемасы
Схема еркін нысанда жасалған схема
4.
Төтенше жағдайлар кезінде халықты құлақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі міндеттемелер
Төтенше жағдайлар кезінде халықты құлақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі міндеттемені қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)
5.
Телерадио хабарларын тарату желісін ұйымдастыруға арналған техникалық мүмкіндіктер
1) телерадио хабарларын тарату желісін (эфирлік, кабельдік /спутниктік желілер үшін) ұйымдастыру схемасы;
2) спутниктік оператор ұсынған қабылдау-тарату спутниктік станциялардың қабылдау-тарату желісінде пайдаланылатын трансмиссиялық жоспарлар (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда);
3) мыналар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны:
құрылатын желінің атауы (эфирлік, кабельдік, спутниктік, телекоммуникациялар желісі бойынша);
хабар тарату қамтылған аумақ;
пайдаланылатын стандарттардағы желінің түрі;
даму кезеңдері бойынша таратылатын теле-, радиоарналардың тізбесі (тізбесі және қысқаша сипаттамалары);
шартты қол жеткізу жүйелері (оларды пайдаланған жағдайда); пайдаланылатын спутниктік ресурстың қолда бар жиіліктер белдеуі, мөлшері (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда);
арнаның орташа ақпараттық жылдамдығы (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда);
спутниктік жүйенің энергетикалық сипаттамалары (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда) (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)
1) Еркін нысанда жасалған схема
2) Спутниктік ғарыштық аппарат иесінің пайдаланылатын спутниктік ресурсқа беретін жоспары.
6.
Құқық иеленуші теле-, радиокомпаниялармен (көп бағдарламалық хабар тарату үшін) теле-, радиоарналарды ретрансляциялауға арналған алдын ала шарттар
Құқық иеленуші теле -, радиокомпаниялармен теле-, радиоарналарды ретрансляциялауға арналған алдын ала шарттардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)
7.
Техникалық құралдарды, әкімшілік-басқару персоналын орналастыруға және пайдалануға, халыққа қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар мен алаңдар
Техникалық құралдарды, әкімшілік-басқару персоналын орналастыруға және пайдалануға, халыққа қызмет көрсетуге арналған үй-жайдың және алаңның болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)
8.
Бақылау-өлшеу және сынақ жұмыстарын жүргізуге арналған өлшеу құралдары және сынақ жабдығы
Метрологиялық сипаттамалары көрсетілген қолданылатын өлшеу құралдары мен сынақ жабдықтарының тізбесі және оларды тексеруді немесе метрологиялық аттестаттауды растайтын құжаттар (сертификаттардың көшірмелері). Телекоммуникациялар желісін пайдалана отырып, қызметтер ұсынылған жағдайда өлшеу құралдары мен сынақ жабдықтарының болуы талап етілмейді.
Телерадио хабарларын
тарату саласындағы
қызметті лицензиялау
кезінде қойылатын
біліктілік талаптарына
және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар
тізбесіне қосымша
Нысан
Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер нысаны:
1. Қызметкерлер саны:
инженерлік-техникалық мамандар _______________________________;
мамандық бойынша жұмыс өтілі _________________________________;
1 жылға дейін ________________________________________________;
1 жылдан астам _______________________________________________
2. Қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер:
трансляцияның техникалық сапасы: иә/жоқ;
төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыру: иә/жоқ.
3. Техникалық мәліметтер:
1) құрылатын желінің атауы: эфирлік/ кабельдік/ спутниктік/ телекоммуникациялар желісі бойынша;
2) хабарламамен қамту аумағы _________________________________;
3) желі типі _________________________________________________;
стандарт атауы _______________________________________________;
стандарт нөмірі ______________________________________________;
4) таратылатын теле-, радио арналарының тізімі;
даму кезеңдері бойынша тізбе _________________________________;
қысқаша сипаттама ________________;
5) шартты қолжетімділік жүйесі пайдаланған жағдайда _________;
6) желіні басқару және пайдалану жүйесін ұйымдастыру қағидаттары
_____________________________________________________;
7) желінің сыйымдылығы және/немесе қосылушылар саны;
көлемі ___________________________________________________ МГц;
қосылушылар саны _____________________________________________;
8) басқа да телерадио хабарларын тарату және байланыс
желілерімен өзара іс-қимылы:
шарттың нөмірі ______________ (оның ішінде басқа ТВ операторларынан телеарналар сигналын қабылдау);
шарттың жасалған күні ________________________________________;
шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _________;
9) нақты техникалық құралдарды көрсете отырып станцияаралық байланыстарды ұйымдастыру тәсілі:
жеке меншік техникалық құралдар бойынша ______________________;
басқа желілердің жалға алынған арналары бойынша _______________;
шарттың нөмірі ______________________;
шарттың жасалған күні _______________;
шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _________;
10) өтініш берушінің желісін басқа операторлардың желісіне қосуды ұйымдастыру тәсілі:
шарттың нөмірі _________________;
шарттың жасалған күні __________;
шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы)_________;
11) жиілік алуға қажетті жабдықтың атауы (эфирлік/ кабельдік/ спутниктік желілер)_______________;
12) бас станцияға таратылатын теле-, радиоарналарды жеткізу көздері мен тәсілдері;
студияның орналасқан орны ____________________________________;
пайдаланылатын желінің типі __________________________________;
13) жердің жасанды спутниктері (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда)
(эфирлік/кабельдік/ спутниктік желілер үшін):
атауы _______________;
тиесілігі ____________________________________________________;
орналасқан орны ______________________________________________;
қызмет көрсету аумағы ________________________________________;
жиіліктің орналасқан белдеуі _________________________________;
арнаның жылдамдығы ___________________________________________;
спутниктік жүйенің энергетикалық сипаттамасы _________________
4. Ретрансляциялауға алдын ала жасалған шарттардың болуы:
шарттың нөмірі _______________________________________________;
жасалған күні ________________________________________________;
шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) __________
5. Үй -жайлар мен алаңдардың болуы:
жеке меншік алаңдар __________________________________________;
алаңдар саны _________________________________________________;
жалға алынған алаңдар ________________________________________;
алаңдар саны _________________________________________________;
шарттың нөмірі _______________________________________________;
шарттың жасалған күні ________________________________________;
шарт кіммен жасалды ___________________________________________.

Қолданыстағы