О внесении изменений в решение Зайсанского районного маслихата от 20 января 2015 года № 30-1 «Об утверждении Правила определения размера и порядка оказания жилищной помощи»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Зайсанского районного маслихата от 20 января 2015 года № 30-1 «Об утверждении Правила определения размера и порядка оказания жилищной помощи»
- Атауы (қаз.)
- «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы Қағиданы бекіту туралы» 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 30-1 Зайсан аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 13-3
- Қабылданған күні
- 06.06.2017
- Көрсетілген редакция
- 06.06.2017 113197_198758.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.06.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17VK005107
- ЭКБ идентификаторы
- 113197
- Редакция идентификаторы
- 113197_198758
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:53
0 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері
мен тәртібін айқындау туралы Қағиданы
бекіту туралы» 2015 жылғы 20 қаңтардағы
№ 30-1 Зайсан аудандық мәслихатының
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағиданы бекіту туралы» 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 30-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3676 нөмірмен тіркелген, 2015 жылдың 21 ақпандағы аудандық «Достық» газетінің № 8 санында жарияланған) Зайсан аудандық мәслихатының шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспе бөлімі жаңа редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» № 512, 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулыларына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»;
көрсетілген шешіммен бекітілген «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы» Қағидасының:
5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3) мекенжай анықтамасы не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын ауыл әкiмдерінiң анықтамасы;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;».