Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Зайсанского районного маслихата от 20 января 2015 года № 30-1 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Зайсанском районе»

Өзге акт · № 25/8-VIII · қабылданған 28.08.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2015-no-30-1/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Зайсанского районного маслихата от 20 января 2015 года № 30-1 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Зайсанском районе» Қолданыста Өзге акт ·№ 25/8-VIII ·28.08.2024
28.08.2024 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Зайсанского районного маслихата от 20 января 2015 года № 30-1 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Зайсанском районе»

Қолданыста Өзге акт ·№ 25/8-VIII · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Зайсанского районного маслихата от 20 января 2015 года № 30-1 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Зайсанском районе»
Атауы (қаз.)
Зайсан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 қаңтардағы №30-1 «Зайсан ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
25/8-VIII
Қабылданған күні
28.08.2024
Көрсетілген редакция
28.08.2024 200236_717651.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24VK907116
ЭКБ идентификаторы
200236
Редакция идентификаторы
200236_717651
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:54

0 Зайсан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 қаңтардағы

№30-1 «Зайсан ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Зайсан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 қаңтардағы №30-1 «Зайсан ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3676 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

шешімнің кіріспе бөлімі келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33763 болып тіркелген) сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Зайсан ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

Зайсан аудандық мәслихатының
2024 жылғы 28 тамыздағы
№ 25/8-VIII шешіміне
қосымша
Зайсан ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

1

1. Тұрғын үй көмегі тиісті қаржы жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен Зайсан ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасының (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

2 2. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.

3

3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» (келесіде - Қағида) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.

4

4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсалатын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады , 10 (он) пайыз мөлшерінде.
Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде өтемдік шаралармен көзделген тұрғын үй алаңының нормативі Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында белгіленген тұрғын үймен қамтамасыз ету нормативі қолданылады.

5

5. Телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің өсуін өтеу «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

6

6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Қағидаға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталына жүгінеді.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

7

7. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

8 8. «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздері, сондай-ақ тұрғын үй көмегін тағайындау мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Қағидамен айқындалады.

9 9. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.

Қолданыстағы