О внесении изменений в решение Тупкараганского районного маслихата от 20 мая 2015 года № 30/205 «Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Тупкараганского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Тупкараганского районного маслихата от 20 мая 2015 года № 30/205 «Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Тупкараганского района»
- Атауы (қаз.)
- Түпқараған аудандық маслихатының 2015 жылғы 20 мамырдағы № 30/205 «Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 51/379
- Қабылданған күні
- 13.01.2021
- Көрсетілген редакция
- 13.01.2021 151959_504717.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21MF004430
- ЭКБ идентификаторы
- 151959
- Редакция идентификаторы
- 151959_504717
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:52
0 Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 мамырдағы № 30/205 «Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы
20 қазандағы № 05-14-1723 ұсынысының негізінде, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1
1. «Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы» Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 мамырдағы № 30/205 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2750 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 шілдеде «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережесінде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ереже»;
2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Құрмет грамотасымен ауданның экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, мәдениетін дамытудағы, білім беру саласындағы, әскери және өзге де мемлекеттік қызметтегі, қоғамдық қызметтегі елеулі жетістіктері және жеке үлес қосқаны үшін азаматтар марапатталады.»;
5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«5. Аудан әкімі мен аудандық мәслихат хатшысының атына марапаттау бетшесі мен еңбек ұжымының қолдаухаты аудан әкімі аппаратының кадр жұмыстары бөліміне жолданады.
Әрі қарай Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау жөнінде келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және ұсыныстар дайындау үшін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жолданады.»;
2 тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Түпқараған ауданының Құрмет грамотасының сипаттамасы»
8 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Құрмет грамотасы беткі жағында Елтаңба бейнеленген және мемлекеттік тілде «Құрмет грамотасы» деп жазылған, қосымша бетшесі бар көк түсті балакрон папка.
Қосымша бетше типографиялық тәсілмен, ақ түсті тығыз қағаздан дайындалады.
Қосымша бетшенің айқармасында сол жағынан ұлттық оюмен өрнектелген Түпқараған ауданының символы орналасады.
Қосымша бетшенің оң жағынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік туындағыдай үстіне қыран құс қалықтаған күн сәулесі аясында марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты және сіңірген еңбегін көрсетіп жазу үшін орын қалдырылады.
Мәтіннің астында қосарланып аудан әкімінің және аудандық мәслихат хатшысының қолдары орналасады.»;
3 тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Түпқараған ауданының Құрмет Грамотасын тапсырудың тәртібі».