О внесении изменений в решение Тупкараганского районного маслихата от 20 мая 2015 года № 30/205 «Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Тупкараганского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Тупкараганского районного маслихата от 20 мая 2015 года № 30/205 «Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Тупкараганского района»
- Атауы (қаз.)
- Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 мамырдағы № 30/205 «Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 5/35
- Қабылданған күні
- 26.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 26.07.2023 184606_645433.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23MF458912
- ЭКБ идентификаторы
- 184606
- Редакция идентификаторы
- 184606_645433
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:43
0 Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 мамырдағы №30/205 «Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. «Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы» Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 мамырдағы №30/205 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2750 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесінде:
5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5.Аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасының атына наградтау бетшесі мен еңбек ұжымының қолдаухаты аудан әкімі аппаратының және аудандық мәслихат аппаратының кадр жұмыстары бөліміне жолданады. Әрі қарай Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен наградтау жөнінде келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және ұсыныстар дайындау үшін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жолданады.»;
8 тармақтың бесінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
«Мәтіннің астында қосарланып аудан әкімінің және аудандық мәслихат төрағасының қолдары орналасады.»;
11 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«11.Құрмет грамотасы салтанатты түрде аудандық мәслихаттың төрағасымен не аудан әкімімен немесе оның орынбасарларымен марапатталушының жұмыс орны бойынша еңбек ұжымдарында, мәслихат сессияларында, жиындарда және аудан активінің жиналыстарында табыс етіледі.».