Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 305 «Об утверждении Правил организации производства экспертизы качества работ и материалов при строительстве, реконструкции, ремонте и содержании автомобильных дорог Национальным центром качества дорожных активов»

Бұйрық · № 185 · қабылданған 28.03.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2015-no-305-ekb-179333/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 305 «Об утверждении Правил организации производства экспертизы качества работ и материалов при строительстве, реконструкции, ремонте и содержании автомобильных дорог Национальным центром качества дорожных активов» Қолданыста Бұйрық ·№ 185 ·28.03.2023
28.03.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 305 «Об утверждении Правил организации производства экспертизы качества работ и материалов при строительстве, реконструкции, ремонте и содержании автомобильных дорог Национальным центром качества дорожных активов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 185 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 305 «Об утверждении Правил организации производства экспертизы качества работ и материалов при строительстве, реконструкции, ремонте и содержании автомобильных дорог Национальным центром качества дорожных активов»
Атауы (қаз.)
«Жол активтері сапасы ұлттық орталығының автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 305 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
185
Қабылданған күні
28.03.2023
Көрсетілген редакция
28.03.2023 179333_623699.kaz
Соңғы өзгеріс
28.03.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032171
ЭКБ идентификаторы
179333
Редакция идентификаторы
179333_623699
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:07

0

«Жол активтері сапасы ұлттық орталығының автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 305 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 305 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11523 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығының жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
««Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 36) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Жол активтері сапасының ұлттық орталығы жұмыстары мен материалдарының сапасына сараптама жүргізуді ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.»;
Жол активтері сапасы ұлттық орталығының автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

0 Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидалары

Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрі
2023 жылғы 28 наурыздағы
№ 185 Бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 305 бұйрығымен
бекітілген
Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 36) тармақшасына сәйкес әзірленді және Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының автомобиль жолдарының жұмыстары мен материалдарының сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

2 2. Қағидалар Қазақстан Республикасы жол қызметінің барлық субъектілеріне қолданылады.

3 3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) авторлық қадағалау – сәулет немесе қала құрылысы туындыларының авторын (авторларын) қоса алғанда, әзірлеушілер жүзеге асыратын құрылыс жобасының іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі автордың құқықтылығы;

2

2) Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы (бұдан әрі – Орталық) –жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу, жол активтерін басқару, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру жөніндегі функциялар, сондай-ақ автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізу, жаңа технологияларды енгізу және тәжірибелік учаскелерді қолдау жөніндегі функциялар жүктелген, автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның қарамағындағы заңды тұлға;

3 3) жұмыс жүргізу объектілері – автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау объектілері, сондай-ақ мердігер шарты мен кепілдікті кезең шеңберінде жүзеге асырылатын жобалық және техникалық құжаттама құрамына кіретін объектілер;

4

4) тапсырыс беруші – автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;

5 5) техникалық қадағалау – орындалған жұмыстың сапасын, мерзімін, құнын, қабылдап алынуын және объектінің пайдалануға берілуін қоса алғанда, жобаны іске асырудың барлық сатысында құрылысты қадағалау;

6 6) уәкілетті орган – автомобиль жолдары бойынша уәкілетті мемлекеттік орган.

4 4. Сараптаманың мақсаты жобаның, техникалық құжаттаманың, мердігерлік шарттар мен нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарын сақтай отырып, жолдар мен құрылыстардың конструкциялық элементтерінің, материалдардың, жұмыс жүргізу технологиясының жарамдылығын белгілеу болып табылады.

2 2-тарау. Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру тәртібі

5 5. Сараптама осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамасына сәйкес Тапсырыс беруші мен Орталық арасындағы сараптама жүргізуге арналған шарт негізінде жүзеге асырылады.

6 6. Сараптама нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес сараптаманың нақты емес нәтижелерін болдырмайтын, сараптама жүргізу үшін қолайлы климаттық жағдайлар кезінде жүзеге асырылады.

7 7. Сараптама жүргізу мақсатында Орталық 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сараптама жүргізудің жоспар-кестесін (бұдан әрі – жоспар-кесте) әзірлейді, ал тапсырыс беруші бекітеді.

8 8. Жоспар-кесте Тапсырыс берушінің және Орталықтың интернет-ресурстарында орналастырылады.

9 9. Жоспарлы сараптама міндетті түрде жоспар-кестеге сәйкес жүзеге асырылады.

10 10. Жоспардан тыс сараптама:

1 1) Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Орталықтың сараптамасының теріс корытындылары болуы кезінде;

2 2) қылмыстық істі жүргізетін органның, тергей судьясының қаулысы бойынша және уәкілетті органның тапсырмасы және/немесе келісімі бойынша;

3 3) жұмыс технологиясының ақаулары, бұзылуы және/немесе жұмыс жүргізу объектілерінде сапасыз материалды қолдану туралы растайтын материалдарды қоса бере отырып, жеке немесе заңды тұлғалардың өтініші бойынша жүзеге асырылады.

11 11. Орталық сараптаманы жүзеге асыру шеңберінде:

1 1) сертификатталған, тексерілген және Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген аспаптарды, жабдықты және өлшеу құралдарын қолдану арқылы қолданыстағы салалық нормативтік-техникалық құжаттармен регламенттелген сынақтар мен өлшеу әдістеріне сәйкес сараптама жүргізеді;

2 2) сараптаманы қысқа мерзімді сынақтар үшін 10 (он) жұмыс күні ішінде және ұзақ мерзімді сынақтар үшін 35 (отыз бес) жұмыс күні ішінде қорытындысын шығара отырып жүргізеді;

3 3) жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша қорытындыны Тапсырыс берушіге және Мердігерге жібереді;

4

4) Сараптама қорытындысына сәйкес бұзушылықтарды жою бойынша Тапсырыс беруші шара қолданбаған жағдайда, тиісті шаралар қолданылу үшін уәкілетті органды және/немесе «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәулет-құрылысты бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік органды хабардар етеді.

12 12. Орталық сараптаманы жүзеге асыру шеңберінде:

1 1) сараптама жүргізу мақсатында жұмыс жүргізу объектілерінде кедергісіз бола алады;

2 2) жобалық, техникалық және атқарушылық құжаттамасымен танысады.

13 13. Тапсырыс беруші сараптаманы жүзеге асыру шеңберінде:

1 1) осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген жоспар-кестені бекітеді;

2 2) сараптама жүргізу кезеңінде мердігер, техникалық қадағалау және мүдделі адамдар өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етеді;

3 3) Орталықтың жұмыс жүргізу объектілеріне кіруін қамтамасыз етеді;

4 4) жобалық, техникалық және атқарушылық құжаттамаларды береді;

5 5) сараптама қорытындыларында көрсетілген бұзушылықтарды жою бойынша мердігерді бақылайды;

6 6) мердігерлік шартқа сәйкес сараптаманың теріс қорытындысын алған сәттен бастап мердігерге ықпал ету шараларын қолданады;

7 7) мердігер сараптама қорытындысына сәйкес бұзушылықтар мен ақауларды жою нәтижелері бойынша 2 (екі) жұмыс күні ішінде Орталықты жазбаша түрде хабардар етеді және қайта сарптама жүргізуге бастамашылық жасайды.

8 8) Орталықпен бірлесіп жоспар-кестеге түзетулер енгізеді;

9 9) сараптама қорытындысымен танысады;

10 10) қайта сараптама жүргізу үшін өтінім береді.

14 14. Мердігер сараптаманы жүзеге асыру шеңберінде:

1 1) Орталықтың сараптама жүргізу үшін жұмыс жүргізу объектісіне кіруін қамтамасыз етеді;

2 2) сараптама жүргізу кезеңінде Орталыққа жобалық, техникалық және атқарушылық құжаттамаларын береді;

3 3) сараптама қорытындыларына сәйкес Орталық анықтаған бұзушылықтар мен ақауларды жою жөнінде іс-шараларды жүргізеді;

4 4) сараптама қорытындысымен танысады;

5 5) тапсырыс беруші мен Орталықты жазбаша түрде хабардар ету арқылы қайта сараптама жүргізуге бастамашылық етеді.

15 15. Сараптама қорытындылары:

1 1) жұмыс жүргізу объектісінің атауын;

2 2) тапсырыс берушінің, мердігердің, техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асырушы адамдардың атауын;

3 3) іс-шараларды және сараптаманы жүргізу күні мен мерзімдері көрсетіліп сараптама негіздерін;

4 4) регламенттейтін нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес ресімделген сараптама қорытындыларын;

5 5) сараптаманың тікелей орындаушысының және оның басшысының электрондық цифрлық қолтаңбалары.

16

16. Сараптама жүргізілетін параметрлердің тізбесі автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау немесе жөндеу саласындағы нормативтік құжаттармен, сондай-ақ осы Қағидалардың ережелерін және тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы шартта осы Қағидалардың ережелерін ескере отырып белгіленген техникалық ерекшеліктерді ескере отырып, мердігерлік шартпен белгіленеді.

1 Сараптама жүргізудің жоспар-кестесі

Жол активтерінің сапасы
ұлттық орталығының жұмыстар
мен материалдардың сапасына
сараптама жүргізуін
ұйымдастыру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Сараптама жүргізудің жоспар-кестесі
«КЕ­ЛІ­СІЛ­ДІ»
Ор­та­лық фи­ли­а­лы­ның бас­шы­сы _________________________________
(те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да)
20__­жы­л­ғы «____» _________ ____________
________________
(мөр ор­ны (бар болған жағ­дай­да)
«КЕ­ЛІ­СІЛ­ДІ»
____________________________
(Тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің ата­уы)
____________________________
(тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің ла­у­а­зы­мы)
__________________________________
(те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да)
20__­жы­л­ғы «____» ___________ ___________________________
(мөр ор­ны (бар болған жағ­дай­да)
р/с

Объ­ек­ті­нің ата­уы
қаң­тар
ақ­пан
на­урыз
сәу­ір
ма­мыр
мау­сым
шіл­де
та­мыз
қыр­күй­ек
қа­зан
қа­ра­ша
қа­ра­ша
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11

2 Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстар мен материалдардың сараптама қорытындысы

Жол активтерінің сапасы
ұлттық орталығының
жұмыстар мен материалдардың
сапасына сараптама жүргізуін
ұйымдастыру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстар мен
материалдардың сараптама қорытындысы
1. Жұмыс жүргізу объектісінің атауы: ____________________________________
____________________________________________________________________
2. Тапсырыс берушінің атауы: __________________________________________
3. Мердігерді атауы: __________________________________________________
4. Техникалық қадағалаудың атауы: _____________________________________
5. Авторлық қадағалаудың атауы: _______________________________________
6. Негізгі сарапшылар: _________________________________________________
7. Сараптама нәтижелері: ______________________________________________
8. Сараптама қорытындысы: ___________________________________________
Орталық филиалының басшысы
________________________________ ____________________________
(қолы, мөр орны(бар болған жағдайда) (тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
Сараптама орындаушысы
__________________________________ ____________________________
(қолы, мөр орны(бар болған жағдайда) (тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)

Қолданыстағы