О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 307 «Об утверждении Правил по организации летной работы в гражданской авиации Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 307 «Об утверждении Правил по организации летной работы в гражданской авиации Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 307 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 443
- Қабылданған күні
- 27.06.2019
- Көрсетілген редакция
- 27.06.2019 133219_414093.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.06.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900018948
- ЭКБ идентификаторы
- 133219
- Редакция идентификаторы
- 133219_414093
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:21
0 «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 307 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 307 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10809 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларында:
1 тарауның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1 тарау. Жалпы ережелер»;
2 тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2 тарау. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру тәртібі»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. ӘК-нің жаңа түріне қайта даярлау, сертификатталған оның ішінде уәкілетті ұйым мойындаған шетелдік авиациялық оқу орталықтарында да жүргізіледі;»;
51-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ӘКК үшін - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым бекіткен Авиакомпанияның (пайдаланушының) ӘК-нің типі бойынша ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқауға (бұдан әрі - ҰЖЖН) сәйкес бекітілген нұсқаушымен бірге қатарға енгізу бағдарламасының 50%-дан кем емес көлемде ұшу жаттығуы, ал екінші ұшқыштар үшін - әуеайлақтық немесе өндірістік жағдайларда кемінде бес ұшу көлемінде жаттығу;»;
70 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«70. Ұшуды талдау бөлінеді:
1) экипаждағы ұшудан кейінгі талдау әрбір ұшудан кейін, авиациялық жұмыстарда ұшу күні аяқталғаннан кейін жүргізіледі;
2) пайдаланушының басшылық құрамымен талдау апта сайын жүргізіледі;
3) пайдаланушының құрылымдық бөлімшелерінде талдау айына бір реттен кем емес жүргізіледі;
4) авиациялық оқиғалардың (уақиғалардың) жағдайлары мен себептерін жедел зерттеу және олардың қайталануының алдын алудың нақты іс-шараларын дайындау мақсатында ұшуды жоспардан тыс талдау;
5) бөлімшенің ұшу-нұсқаушы құрамының әдістемелік даярлығын арттыру мақсатында ұшуды әдістемелік талдау.
Жоспардан тыс және әдістемелік (көрсетімдік) талдаулар бөлімше басшысының немесе жоғары тұрған басшының не азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның нұсқауы бойынша жүргізіледі.».
82 -тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның оқу-әдістемелік ұйымдар мен авиациялық кәсіпорындар арасындағы өзара іс-қимылын анық үйлестіруді қамтамасыз етеді.».
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;