О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 308 "Об утверждении Правил организации работ бортпроводников в гражданской авиации Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 308 "Об утверждении Правил организации работ бортпроводников в гражданской авиации Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында бортсеріктердің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 308 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 930
- Қабылданған күні
- 17.09.2015
- Көрсетілген редакция
- 17.09.2015 95485_62065.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012240
- ЭКБ идентификаторы
- 95485
- Редакция идентификаторы
- 95485_62065
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:20
0 «Қазақстан Республикасының
азаматтық авиациясында
бортсеріктердің жұмысын
ұйымдастыру қағидаларын
бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Инвестициялар
және даму Министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 308 бұйрығына өзгеріс
енгізу туралы
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында бортсеріктердің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 308 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11063 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында бортсеріктердің жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:
2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқау – өзінің міндеттерін орындау кезінде пайдалану персоналының пайдалануына арналған қағидаларды, нұсқаулықты және ұсынымдарды құрайтын құжат.».
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
___________Т.К. Дүйсенова
2015 жылғы 5 қазан