О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 308 «Об утверждении Правил организации работ бортпроводников в гражданской авиации Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 308 «Об утверждении Правил организации работ бортпроводников в гражданской авиации Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясында бортсеріктердің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 308 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 63
- Қабылданған күні
- 31.01.2023
- Көрсетілген редакция
- 31.01.2023 178533_620292.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.01.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300031860
- ЭКБ идентификаторы
- 178533
- Редакция идентификаторы
- 178533_620292
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:30
0 «Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясында бортсеріктердің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 308 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында бортсеріктердің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 308 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11063 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясында бортсеріктердің жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Бортсеріктерге Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 324 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15325 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы медициналық куәландыру және қарау қағидаларына сәйкес берілетін медициналық қорытынды және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № ҚР ДСМ-196/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21652 болып тіркелген) Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу қағидаларына сәйкес нысан бойынша жеке медициналық кітапша болған жағдайда ұшуға рұқсат беріледі.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Бортсеріктерді ұшу кезінде үзілістен кейін әуе кемесінің бортында жұмыс істеуге жіберуді пайдаланушы уәкілетті ұйым келіскен бағдарламалар бойынша жүзеге асырады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі