Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата Индерского района от 20 ноября 2015 года № 344 «Об утверждении схемы и правил перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Индерского района

Қаулы · № 119 · қабылданған 29.06.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2015-no-344/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата Индерского района от 20 ноября 2015 года № 344 «Об утверждении схемы и правил перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Индерского района Қолданыста Қаулы ·№ 119 ·29.06.2023
29.06.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата Индерского района от 20 ноября 2015 года № 344 «Об утверждении схемы и правил перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Индерского района

Қолданыста Қаулы ·№ 119 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата Индерского района от 20 ноября 2015 года № 344 «Об утверждении схемы и правил перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Индерского района
Атауы (қаз.)
Индер ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 344 «Индер ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидасын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
119
Қабылданған күні
29.06.2023
Көрсетілген редакция
29.06.2023 183431_639477.kaz
Соңғы өзгеріс
29.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23TF505606
ЭКБ идентификаторы
183431
Редакция идентификаторы
183431_639477
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:09

0 Индер ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 344 «Индер ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидасын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Индер ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Индер ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 344 «Индер ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидасын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3372 болып тіркелген) төменгідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 3-қосымшасының 6 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемiнде екi есiгi болады және «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығымен бекітілген, «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 25-қосымшаның 1-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 220066 болып тіркелген) сәйкес келеді, сондай-ақ мыналармен:
1) автобустың алдында және артында орнатылатын «Балаларды тасымалдау» деген төрт бұрыш айыратын белгiмен;
2) сары түстi жылтыр шағын маягымен;
3) әрқайсысының сыйымдылығы кемiнде екi литр болатын оңай алынатын өрт сөндiргiштермен (бiреуi - жүргiзушiнiң кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);
4) «Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 368 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9649 болып тіркелген) автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесіне сәйкес дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдары бар екі алғашқы көмек дәрі қобдишаларымен (автомобильді);
5) екi жылжуға қарсы тiректермен;
6) авариялық тоқтау белгiсiмен;
7) колоннада жол жүргенде – автобустың алдыңғы терезесiнде қозғалыс бағытымен оң жағында орнатылатын, автобустың колоннадағы орны көрсетiлген ақпараттық кестемен жабдықталады».

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Индер ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы