О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 38 «Об утверждении Правил о минимальных резервных требованиях, включая структуру обязательств банков, принимаемых для расчета, условия выполнения минимальных резервных требований, порядок резервирования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 38 «Об утверждении Правил о минимальных резервных требованиях, включая структуру обязательств банков, принимаемых для расчета, условия выполнения минимальных резервных требований, порядок резервирования»
- Атауы (қаз.)
- «Банктердің есеп айырысу үшін қабылдайтын міндеттемелерінің құрылымын, ең төменгі резервтік талаптарды орындау шарттарын, резервке қою тәртібін қоса алғанда, ең төменгі резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 180
- Қабылданған күні
- 12.10.2015
- Көрсетілген редакция
- 28.01.2020 96108_441142.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012354
- ЭКБ идентификаторы
- 96108
- Редакция идентификаторы
- 96108_441142
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:04
0
«Банктердің есеп айырысу үшін қабылдайтын міндеттемелерінің құрылымын, ең төменгі резервтік талаптарды орындау шарттарын, резервке қою тәртібін қоса алғанда, ең төменгі резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10776 тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 19 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 91 (28569) жарияланған «Банктердің есеп айырысу үшін қабылдайтын міндеттемелерінің құрылымын, ең төменгі резервтік талаптарды орындау шарттарын, резервке қою тәртібін қоса алғанда, ең төменгі резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 38 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктердің есеп айырысу үшін қабылдайтын міндеттемелерінің құрылымын, ең төменгі резервтік талаптарды орындау шарттарын, резервке қою тәртібін қоса алғанда, ең төменгі резервтік талаптар туралы қағидаларда:
1 және 2-қосымшаларда «Клиенттердiң тазартылған бағалы металдардағы мерзiмдi салымдары» деген 2216-жол алынып тасталсын.
2 2. Зерттеулер және стратегиялық талдау департаменті (Бөбеев М.С.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
______________ А. Смайылов
2015 жылғы 29 қазан