Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 38 «Об утверждении Правил о минимальных резервных требованиях, включая структуру обязательств банков, принимаемых для расчета минимальных резервных требований, порядок расчета минимальных резервных требований, выполнения нормативов минимальных резервных требований, резервирования и осуществления контроля за выполнением нормативов минимальных резервных требований»

Қаулы · № 117 · қабылданған 02.07.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2015-no-38/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 38 «Об утверждении Правил о минимальных резервных требованиях, включая структуру обязательств банков, принимаемых для расчета минимальных резервных требований, порядок расчета минимальных резервных требований, выполнения нормативов минимальных резервных требований, резервирования и осуществления контроля за выполнением нормативов минимальных резервных требований» Күшін жойған Қаулы ·№ 117 ·02.07.2019
28.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 38 «Об утверждении Правил о минимальных резервных требованиях, включая структуру обязательств банков, принимаемых для расчета минимальных резервных требований, порядок расчета минимальных резервных требований, выполнения нормативов минимальных резервных требований, резервирования и осуществления контроля за выполнением нормативов минимальных резервных требований»

Күшін жойған Қаулы ·№ 117 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 38 «Об утверждении Правил о минимальных резервных требованиях, включая структуру обязательств банков, принимаемых для расчета минимальных резервных требований, порядок расчета минимальных резервных требований, выполнения нормативов минимальных резервных требований, резервирования и осуществления контроля за выполнением нормативов минимальных резервных требований»
Атауы (қаз.)
«Банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 38 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
117
Қабылданған күні
02.07.2019
Көрсетілген редакция
28.01.2020 133265_441144.kaz
Соңғы өзгеріс
28.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019001
ЭКБ идентификаторы
133265
Редакция идентификаторы
133265_441144
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:16

0 «Банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін

қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса
алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы
қағидаларды, ең төмен резервтік талаптарды есептеу,
ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау,
ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және
олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды
жүзеге асыру тәртібін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 20 наурыздағы № 38 қаулысына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 38 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10776 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларда, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Банктің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қолданатын міндеттемелерінің құрылымын (резервтік міндеттемелер) банктің баланстық шоттарда көрсетілген ұлттық және шетел валютасындағы 1 (бір) жылға дейінгі (қысқа мерзімді міндеттемелер) және 1 (бір) жылдан астам (ұзақ мерзімді міндеттемелер) міндеттемелері құрайды.
Банктің ұлттық және шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелерінің тізбесі Қағидаларға 1-қосымшада айқындалған.
Банктің шетел валютасындағы жекелеген қысқа мерзімді міндеттемелерінің тізбесі Қағидаларға 2-қосымшада айқындалған.
Банктің ұлттық және шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелерінің тізбесі Қағидаларға 3-қосымшада айқындалған.»;
5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 және 12-тармақтар алып тасталсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Банк төмен резервтік талаптарды:
1) ұлттық валютадағы қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша ең төмен резервтік талаптар нормативінің мәндерін банктің белгілі бір күнгі ұлттық валютадағы қысқа мерзімді міндеттемелерінің мөлшеріне көбейту арқылы есептелетін ұлттық валютадағы қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша;
2) ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша ең төмен резервтік талаптар нормативінің мәндерін банктің белгілі бір күнгі ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді міндеттемелерінің мөлшеріне көбейту арқылы есептелетін ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша;
3) шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша ең төмен резервтік талаптар нормативінің мәндерін банктің белгілі бір күнгі шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелерінің мөлшеріне көбейту арқылы есептелетін шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша;
4) шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша ең төмен резервтік талаптар нормативінің мәндерін банктің белгілі бір күнгі шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелерінің мөлшеріне көбейту арқылы есептелетін шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша резервтік талаптар сомасы ретінде есептейді.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Ең төмен резервтік талаптар Ұлттық Банкке Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17274 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы
29 маусымдағы № 139 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ұсынылған күн сайынғы мәліметтер негізінде есептеледі.»;
мынадай мазмұндағы 25-1 тармақпен толықтырылсын:
«25-1. Банк 2019 жылғы 13 тамыздан бастап ең төмен резервтік талаптарды орындау үшін резервтік активтерді ең төмен резервтік талаптарды айқындау кезеңіндегі ең төмен резервтік талаптардың орташа мөлшерінің 50 (елу) пайызынан аспайтын көлемдегі кассадағы ұлттық валютамен қолма-қол ақша сомасы мен банктің Ұлттық Банктегі ұлттық валютамен корреспонденттік шоттарындағы қалдықтар сомасы ретінде есептейді.»;
1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
4, 5, 6, 7 және 8-қосымшалар алып тасталсын;
9-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Ақша-кредит саясаты департаменті (Тутушкин В.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

3 3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

4 4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Сыртқы коммуникациялар департаменті - Ұлттық Банктің баспасөз қызметі (Адамбаева А.Р.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 16 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті

1 Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі
Басқармасының
2019 жылғы «__»________
№______ қаулысына
1-қосымша
Банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларға, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібіне
1-қосымша
Баланстық шоттың аты
2012
Шетелдік орталық банктердің корреспонденттік шоттары
2013
Басқа банктердің корреспонденттік шоттары
2014
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары
2022
Шетелдік орталық банктердің талап ету бойынша салымдары
2023
Басқа банктердің талап ету бойынша салымдары
2024
Басқа банктердің талап ету бойынша салымдары бойынша мерзімі өткен берешек
2034
Қазақстан Республикасының Үкіметінен және Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдарынан алынған қысқа мерзімді қарыздар
2038
Қазақстан Республикасының Үкіметінен және Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдарынан алынған қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек
2044
Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қысқа мерзімді қарыздар
2048
Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек
2054
Басқа банктерден алынған қысқа мерзімді қарыздар
2058
Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек
2064
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзімді қарыздар
2068
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек
2112
Шетелдік орталық банктерден алынған овернайт қарыздары
2113
Басқа банктерден алынған овернайт қарыздары
2122
Шетелдік орталық банктердің мерзімді салымдары
2123
Басқа банктердің қысқа мерзімді (бір айға дейінгі) салымдары
2124
Басқа банктердің қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі) салымдары
2125
Басқа банктерден бір түнге тартылған салымдар
2130
Басқа банктердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым
2131
Басқа банктердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету (кепiлзат, кепiлақы) ретiнде қабылданған ақшаны сақтау шоты
2133
Басқа банктердің шартты салымдары
2135
Басқа банктердің мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек
2138
Басқа банктердің шартты салымдары бойынша мерзімі өткен берешек
2201
Мемлекеттік бюджеттің ақшасы
2202
Кастодиан банктердің ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына және инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға ашқан ағымдағы шоттарындағы инвестицияланбаған қалдықтары
2203
Заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары
2204
Жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары
2205
Жеке тұлғалардың талап ету бойынша салымдары
2206
Жеке тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары
2208
Жеке тұлғалардың шартты салымдары
2210
Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржы активтері
2211
Заңды тұлғалардың талап ету бойынша салымдары
2213
Жеке тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым
2215
Заңды тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары
2219
Заңды тұлғалардың шартты салымдары
2222
Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары
2223
Заңды тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым
2224
Клиенттердің талап ету бойынша салымдары бойынша мерзімі өткен берешек
2225
Клиенттермен өзге операциялар бойынша мерзімі өткен берешек
2226
Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек
2228
Мерзімінде орындалмаған нұсқаулар
2231
Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша мерзімі өткен берешек
2232
Клиенттердің шартты салымдары бойынша мерзімі өткен берешек
2237
Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес жөнелтушінің нұсқауларын сақтау шоты
2240
Клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету (кепiлзат, кепiлақы) ретiнде қабылданған ақшаны сақтау шоты
2245
Инвестициялық депозиттер
2551
Басқа банктермен есеп айырысулар
2552
Клиенттермен есеп айырысулар
2701
Корреспонденттік шоттар бойынша есептелген шығыстар
2702
Басқа банктердің талап ету бойынша салымдары бойынша есептелген шығыстар
2703
Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған қарыздар бойынша есептелген шығыстар
2704
Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздар бойынша есептелген шығыстар
2705
Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстар
2706
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстар
2707
Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепiлақы) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеумен байланысты есептелген шығыстар
2711
Басқа банктердің овернайт қарыздары бойынша есептелген шығыстар
2712
Басқа банктердің мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар
2713
Басқа банктердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар
2714
Басқа банктердің шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар
2718
Клиенттердің ағымдағы шоттары бойынша есептелген шығыстар
2719
Клиенттердің шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар
2720
Клиенттердің талап ету бойынша салымдары бойынша есептелген шығыстар
2721
Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар
2722
Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша есептелген шығыстар
2723
Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар
2727
Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген шығыстар
2730
Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар
2731
Басқа операциялар бойынша есептелген шығыстар
2741
Алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы
2742
Талап ету бойынша салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы
2743
Мерзімді салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы
2744
Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақы
2746
Шартты салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы
2747
Басқа банктердің және клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша мерзімі өткен сыйақы
2748
Ағымдағы шоттар бойынша мерзімі өткен сыйақы
2749
Басқа да мерзімі өткен сыйақы
2755
Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржы активтері бойынша есептелген шығыстар
2855
Құжаттамамен есеп айырысулар бойынша кредиторлар
2865
Шығарылған электрондық ақша бойынша міндеттемелер
2891
Фьючерс операциялары бойынша міндеттемелер
2892
Форвард операциялары бойынша міндеттемелер
2893
Опцион операциялары бойынша міндеттемелер
2894
Спот операциялары бойынша міндеттемелер
2895
Своп операциялары бойынша міндеттемелер
2899
Басқа туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша міндеттемелер
Ескертпе: 2013, 2023, 2024, 2054, 2058, 2113, 2123, 2124, 2125, 2130, 2131, 2133, 2135, 2138, 2203, 2210, 2222, 2225, 2237, 2240, 2551, 2701, 2702, 2705, 2707, 2712, 2713, 2714, 2722, 2727, 2730, 2731, 2741, 2742, 2743, 2744, 2746, 2747, 2749, 2755, 2855, 2865, 2891, 2892, 2893, 2894, 2895 және 2899 баланстық шоттарында көрсетілген резервтелетін міндеттемелер құрамынан басқа резидент банк, сондай-ақ Ұлттық Банк алдындағы міндеттемелер алып тасталады.

2 Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі
Басқармасының
2019 жылғы «__»________
№______ қаулысына
2-қосымша
Банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларға, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібіне
2-қосымша
Баланстық шоттың аты
2016
Басқа банктердiң тазартылған бағалы металдардағы металл шоттары
2052
Шетелдiк орталық банктерден алынған қарыздар
2126
Басқа банктердiң тазартылған бағалы металдардағы мерзiмдi салымдары
2212
Клиенттердiң тазартылған бағалы металдардағы металл шоттары
2216
Клиенттердiң тазартылған бағалы металдардағы мерзiмдi салымдары
2708
Басқа банктердiң тазартылған бағалы металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар
2717
Клиенттердiң тазартылған бағалы металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар
Ескертпе: 2126 және 2708 баланстық шоттарда көрсетілген резервтелетін міндеттемелердің құрамынан басқа резидент банк, сондай-ақ Ұлттық Банк алдындағы міндеттемелер алып тасталады.

3 Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы «__»________
№______ қаулысына
3-қосымша
Банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларға, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібіне
3-қосымша
Баланстық шоттың аты
2036
Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған ұзақ мерзімді қарыздар
2046
Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар
2056
Басқа банктерден алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар
2057
Басқа банктерден алынған қаржы лизингi
2066
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар
2067
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қаржы лизингi
2127
Басқа банктердiң ұзақ мерзiмдi салымдары
2207
Жеке тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары
2217
Заңды тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары
2227
Алынған қаржы лизингi
2230
Алынған қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен берешек
2301
Айналысқа шығарылған облигациялар
2303
Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар
2306
Сатып алынған облигациялар
2745
Алынған қаржы лизингi бойынша есептелген шығыстар
Ескертпе: 2056, 2057, 2127, 2227, 2301, 2303, 2306 және 2745 баланстық шоттарда көрсетілген резервтелетін міндеттемелердің құрамынан басқа резидент банк, сондай-ақ Ұлттық Банк алдындағы міндеттемелер алып тасталады.

4 Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы «__»________
№______ қаулысына
4-қосымша
Банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларға, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібіне
9-қосымша
Индекс: ЕРТ
Кезеңділігі: әрбір 28 (жиырма сегіз) күн
Ұсынады: екінші деңгейдегі банктер
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Ұсыну мерзімі: банктің резервтік активтерді қалыптастыру кезеңінің соңғы күнінен кейінгі оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей
Нысан
Банктің атауы _________________________________________________________
Ең төмен резервтік талаптарды белгілеу кезеңі ______ - _______ аралығында
Резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі ______ - _______ аралығында
мың теңгемен
Ең төмен резервтік талаптарды
айқындау кезеңі
Банктің ұлттық валютадағы міндеттемелері
Банктің шетел валютасындағы міндеттемелері
Қысқа мерзімді
Ұзақ мерзімді
Қысқа мерзімді
Ұзақ мерзімді
1
2
3
4
5
кестенің жалғасы:
Ұлт­тық ва­лю­та­да­ғы мін­дет­те­ме­лер бой­ын­ша ең тө­мен ре­зерв­тік та­лап­тар
Ше­тел ва­лю­та­сын­да­ғы мін­дет­те­ме­лер бой­ын­ша ең тө­мен ре­зерв­тік та­лап­тар
Ең тө­мен ре­зерв­тік та­лап­тар­дың жиын­тығы
Ре­зерв­тік ак­тив­тер­ді қа­лып­та­сты­ру ке­зе­ңі
Ре­зерв­тік ак­тив­тер
Қы­сқа мер­зім­ді
Ұзақ мер­зім­ді
Қы­сқа мер­зім­ді
Ұзақ мер­зім­ді
(6)+(7)+(8)+(9)
(2)*n1
(3)*n2
(4)*n3
(5)*n4
6
7
8
9
10
11
12
Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген адам
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
(қолы)
Бас бухгалтер немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген адам
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
(қолы)
Орындаушы
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), қолы, телефон нөмірі
Есепке қол қойылған күн 20 ___ жылғы «___» _________
Түсіндіру:
n1 - банктің ұлттық валютадағы қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша ең төмен резервтік талаптардың нормативі
n2 - банктің ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша ең төмен резервтік талаптардың нормативі
n3 - банктің шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша ең төмен резервтік талаптардың нормативі
n4 - банктің шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша ең төмен резервтік талаптардың нормативі

4-1 «Ең төмен резервтік талаптарды орындау туралы ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға

қосымша

1

1 1. Осы түсіндіру (бұдан әрі – Түсіндіру) «Ең төмен резервтік талаптарды орындау туралы ақпарат» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

2 2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес әзірленді.

3 3. Нысанды екінші деңгейдегі банктер әрбір 28 (жиырма сегіз) күн сайын толтырады және банктің резервтік активтерді қалыптастыру кезеңінің соңғы күнінен кейінгі оныншы жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады.

4 4. Толтырылған Нысанға бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның міндеттерін атқаратын адам), бас бухгалтер мен орындаушы қол қояды.

2

5 5. Нысанда ең төмен резервтік талаптарды айқындау кезеңіндегі резервтік міндеттемелер мен ең төмен резервтік талаптар бойынша орташа алынған шама, резервтік активтерді қалыптастыру кезеңіндегі резервтік активтер бойынша орташа алынған шама беріледі.

6 6. Нысандағы деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен көрсетіледі.

7 7. Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

Қолданыстағы