О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 20 января 2015 года № 824 "Об утверждении положения государственного учреждения "Управление здравоохранения Кызылординской области"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 20 января 2015 года № 824 "Об утверждении положения государственного учреждения "Управление здравоохранения Кызылординской области"
- Атауы (қаз.)
- "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 824 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 38
- Қабылданған күні
- 15.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 19.05.2016 90905_122685.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15L0005032
- ЭКБ идентификаторы
- 90905
- Редакция идентификаторы
- 90905_122685
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:36
0 «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 824 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 824 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4862 тіркелген, «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде 2015 жылғы 14 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
16-тармағының 20) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«20) медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлері бойынша Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;»;
17-тармағының 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«2) Басқарма:
заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;
қабылданған шешімдердің орындалуына бақылауды қамтамасыз етуге;
жеке және заңды тұлғалардың Басқармаға жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті».