Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 20 сентября 2016 года № 1 «Об утверждении Правил, программ и организации тестирования граждан, впервые поступающих на правоохранительную службу»

Бұйрық · № 240 · қабылданған 29.11.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2016-no-1-ekb-174507/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 20 сентября 2016 года № 1 «Об утверждении Правил, программ и организации тестирования граждан, впервые поступающих на правоохранительную службу» Қолданыста Бұйрық ·№ 240 ·29.11.2022
29.11.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 20 сентября 2016 года № 1 «Об утверждении Правил, программ и организации тестирования граждан, впервые поступающих на правоохранительную службу»

Қолданыста Бұйрық ·№ 240 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 20 сентября 2016 года № 1 «Об утверждении Правил, программ и организации тестирования граждан, впервые поступающих на правоохранительную службу»
Атауы (қаз.)
«Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларын, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
240
Қабылданған күні
29.11.2022
Көрсетілген редакция
29.11.2022 174507_606153.kaz
Соңғы өзгеріс
29.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200030830
ЭКБ идентификаторы
174507
Редакция идентификаторы
174507_606153
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 22:34

0

«Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларын, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларын, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14317 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларын бекіту туралы»;
бұйрықтың преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары бекітілсін.»
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларына, бағдарламаларына және оны ұйымдастыруға:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына және 16-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді.
Қағидалар құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды (бұдан әрі – кандидат) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тесттен (бұдан әрі – тестілеу) және жеке қасиеттерін бағалаудан өткізу тәртібін, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруды, сондай-ақ тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібін айқындайды.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Орталық (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) тестілеуді азаматтардың өтініш білдіруі бойынша өткізеді.»;
5-1 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидалардың 1-1-қосымшасында келтірілген.
Мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органы көрсетілетін қызметті берушіні, «электрондық үкімет» ақппараттық-коммунткациялық инфрақұрылым операторын, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығын Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап ол туралы үш күн ішінде хабардар етеді.
6. Кандидаттар тестілеуге қатысу үшін тестілеу күніне дейін бір күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш (бұдан әрі – өтініш) тапсырады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электронды үкімет» шлюзі арқылы алады.
Портал арқылы жүгінген кезде кандидаттың «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін өтініш қабылданғаны туралы жәй-күйі көрсетіледі.
Құжаттардың қабылданғанын растау осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызмет берушінің электронды цифрлы қолтаңбасы қойылған тестілеудің күні, уақыты және өтетін орны көрсетілген қолхат болып табылады.
Кандидат Тізбенің 8-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Кандидаттар тестілеуге қатысу үшін құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тапсыруға қатысты ақпарат пен қеңесті Бірыңғай байланыс орталығында ала алады.»;
7-1- және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7.1 Тестілеуден өтуден бас тарту негіздері Тізбенің 9-тармағында көрсетілген.
8. Кандидат осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламалары (бұдан әрі – тестілеу бағдарламалары) бойынша тестілеуден оның өтінішінде көрсеткен құқық қорғау қызметі лауазымының санаты бойынша өтеді.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Тестілеуге жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаты, не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін) бар адамдар жіберіледі.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Тестіленуші кандидат осы Қағидалардың 16-тармағының талаптарын бұзған жағдайда, оператор осындай кандидаттың тестілену процесін тоқтатады және оны тестілеу үшін арналған үй-жайдан шығарып жібереді.
Бұл ретте оператор бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларын, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруды бұзу туралы актіні (бұдан әрі – бұзу туралы акт) толтырады.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Кандидат тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес тестілеудің нәтижесін алған жағдайда осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден өту туралы сертификат қалыптастырылады.
Тестілеудің бірінші бағдарламасы бойынша тестілеу нәтижелері бірінші, екінші және үшінші тестілеу бағдарламаларына жататын құқық қорғау қызметінің лауазымдар санатына жарамды.
Тестілеудің екінші бағдарламасы бойынша тестілеу нәтижелері екінші және үшінші тестілеу бағдарламаларына жататын құқық қорғау қызметінің лауазымдар санатына жарамды.
Тестілеудің үшінші бағдарламасы бойынша тестілеу нәтижелері үшінші тестілеу бағдарламасына жататын құқық қорғау қызметінің лауазымдар санатына жарамды.»;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды көрсетілетін қызметті беруші адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, шағым берілгеннен кейін сотқа дейінгі тәртіппен сотқа жүгінуге жол беріледі.»;
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
1-1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Құқық қорғау қызметіне
кіретін азаматтарды
тесттен өткізу қағидалары,
бағдарламалары және
оны ұйымдастыруға
2-қосымша»;
3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4-1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Құқық қорғау қызметіне
кіретін азаматтарды
тесттен өткізу қағидалары,
бағдарламалары және
оны ұйымдастыруға
4-1-қосымша»;
5-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Құқық қорғау қызметіне
кіретін азаматтарды
тесттен өткізу қағидалары,
бағдарламалары және
оны ұйымдастыруға
5-қосымша»;
6-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Құқық қорғау қызметіне
кіретін азаматтарды
тесттен өткізу қағидалары,
бағдарламалары және
оны ұйымдастыруға
6-қосымша»;
7-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Құқық қорғау қызметіне
кіретін азаматтарды
тесттен өткізу қағидалары,
бағдарламалары және
оны ұйымдастыруға
7-қосымша»;
9-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
10-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Құқық қорғау қызметіне
кіретін азаматтарды
тесттен өткізу қағидалары,
бағдарламалары және
оны ұйымдастыруға
10-қосымша»;
11-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет)
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 Өтініш

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігі төрағасы
2022 жылғы 29 қарашадағы
№ 240 бұйрығына
1-қосымша
Құқық қорғау қызметіне
кіретін азаматтарды тесттен
өткізу қағидалары,
бағдарламалары және
оны ұйымдастыруға
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі
____________________________
тел._________________________
эл. мекенжайы _____________
Өтініш
Мені Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған құқық қорғау қызметінің ____ бағдарламасы бойынша және жеке қасиеттерді бағалауға құқық қорғау қызметінің ____ бағдарламасы бойынша тестілеуге жіберуіңізді сұраймын.
Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастырудың негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.
Тестілеу өту мекенжайы: _________.
Тестілеу өтуді қалаған күні: _______
Тестілеу өтуді қалаған уақыты: ____
«___» ___________________20 __ ж.

2 Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет
істері агенттігі төрағасы
2022 жылғы 29 қарашадағы
№ 240 бұйрығына
2-қосымша
Құқық қорғау қызметіне
кіретін азаматтарды
тесттен өткізу қағидалары,
бағдарламалары және
оны ұйымдастыруға
1-1-қосымша
«Мем­ле­кет­тiк қыз­мет­шiлер­ді, бос мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік ла­у­а­зым­ға ор­на­ла­су­ға үміт­кер­лер­ді және құқық қор­ғау қыз­ме­тіне кі­ре­тін аза­мат­тар­ды те­сті­леу» мем­ле­кет­тік қыз­ме­тін көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
«Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің пер­со­на­лын бас­қа­ру ұлт­тық ор­та­лы­ғы» АҚ
2
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
www.​egov.​kz «элек­трон­дық үкi­мет» веб-пор­та­лы
3
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
Те­сті­леу өті­ніш бе­рі­л­ген күн­нен бір күн­тіз­бе­лік күн­нен ер­те емес және кан­ди­дат таң­да­ған те­сті­леу кү­ні мен уа­қы­ты­нан ке­шік­ті­ріл­мей өт­кі­зі­ле­ді.
4
Мем­ле­кет­тiк көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тi көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту­дің нәти­же­сі
Осы Қа­ғи­да­лар­ға 6-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік ті­лі мен заң­на­ма­сын бі­лу­ге ар­нал­ған те­сті­ле­уден өту ту­ра­лы сер­ти­фи­кат, осы Қа­ғи­да­лар­ға 10-қо­сым­ша­ға сәй­кес кан­ди­дат­тар­дың же­ке қа­си­ет­те­рін ба­ға­ла­у­ға ар­нал­ған те­сті­леу нәти­же­сі бой­ын­ша қо­ры­тын­ды неме­се осы Қа­ғи­да­лар­ға 7-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша те­сті­ле­уді өту мән­де­рі­нен тө­мен нәти­же­ле­рі­мен те­сті­ле­уден өт­ке­ні ту­ра­лы анық­та­ма.
Мем­ле­кет­тік тіл­ді бі­лу­ге ар­нал­ған те­сті­ле­у­ге шек­ті мән бел­гі­лен­бей­ді.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­ды түр­де.
6
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­мен көз­дел­ген жағ­дай­лар­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де кан­ди­дат­тан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі, және оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет же­ке тұ­лға­лар­ға те­гін көр­се­ті­ле­ді.
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі - жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 09.00-ден 18.30-ға дей­ін.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің нәти­же­сін бе­ру жұ­мыс уа­қы­тын­да, ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз ке­зек кү­ту тәр­ті­бі­мен көр­се­ті­ле­ді;
2) пор­тал - тех­ни­ка­лық жұ­мыстар­ды жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі өтін­ген жағ­дай­да Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жүр­гі­зі­ле­ді).
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
1) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да:
www.​gov.​kz
2) пор­тал­да www.​egov.​kz ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
8
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
пор­тал ар­қы­лы:
элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш.
Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы мә­лі­мет­ті көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­ды үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ден бас тар­ту негіз­де­рі
1) кан­ди­дат­тың соң­ғы бір ай ішін­де шек­ті мән­нен тө­мен нәти­же­мен те­сті­ле­уден өтуі;
2) кан­ди­дат­тың соң­ғы ал­ты ай ішін­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік қыз­мет іс­те­рі және сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы іс-қи­мыл агент­ті­гі Тө­ра­ға­сы­ның 2017 жы­л­ғы 21 ақ­пан­да­ғы № 40 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 14939 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген Те­сті­леу ере­же­ле­рін бұ­зу ту­ра­лы қыз­мет бе­ру­ші тол­тыр­ған ак­ті­нің бар бо­луы;
3) соң­ғы бір жыл ішін­де те­сті­леу ке­зін­де жал­ған адам­ды анық­тау ту­ра­лы опе­ра­тор тол­тыр­ған ак­ті­нің бар бо­луы;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы.
10
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ге қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Кан­ди­дат ЭЦҚ қол­да­ну ар­қы­лы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да ала­ды.
Кан­ди­дат­тың мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет бе­ру­ші­нің анық­та­ма қыз­ме­ті, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі 1414, 8-800-080-7777 бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.

3 Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламалары

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасы
2022 жылғы 29 қарашадағы
№ 240 бұйрығына
3-қосымша
Құқық қорғау қызметіне
кіретін азаматтарды тесттен
өткізу қағидалары,
бағдарламалары және
оны ұйымдастыруға
3-қосымша
Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламалары

1

1) бірінші бағдарлама C-GP-1, C-AGP-1, C-KGP-1, C-GP-2, C-AGP-2, C-KGP-2, C-GP-3, C-AGP-3, C-KGP-3, C-GP-4, C-AGP-4, C-KGP-4, C-GP-5, C-AGP-5, C-KGP-5, C-GP-6, C-AGP-6, C-OGP-2, C-OGP-3, C-OGP-4, C-OGP-5, C-OGP-6, C-GP-7, C-AGP-7, C-OGP-7, C-AGP-8, C-OGP-8, C-OKGP-1, C-OKGP-2, C-OKGP-3, C-OKGP-4, C-OKGP-5, C-OKGP-6, C-OKGP-7, C-RGP-1, C-RGP-2, C-RGP-3, C-RGP-4, C-RGP-5, С-SVО-8, С-SVR-7, C-SVU-8, C-SVU-9, C-SVU-10, C-SVU-12, C-SGU-5, C-SGU-7, В-PK-1, В-PK-2, В-PK-3, В-PKО-1, В-PKО-2, В-PKО-3, С-FM-2, С-FM-3, С-FM-4, С-FMО-1, С-FMО-2, С-FMО-3, С-FMО-4 санаттағы құқық қорғау қызметінің лауазымдарына арналған және келесіні қамтиды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;
Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Құқық қорғау қызметі туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін білуге арналған тестілер.
Бірінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (135 сұрақ) кем дегенде 95 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Бірінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 110 минутті құрайды.

2

2) екінші бағдарлама С-SV-8, С-SV-10, С-SVО-3, С-SVО-5, С-SVО-7, С-SVО-9, С-SVR-4, С-SVR-5, С-SVR-8, C-SVU-13, C-SVU-14, C-SGU-11, C-SGU-12, C-SGU-13, В-PK-4, В-PK-5, В-PK-6, В-PK-7, В-PK-8, В-PKО-4, В-PKО-5, В-PKО-6, В-PKО-7, В-PKО-8, С-FM-5, С-FM-6, С-FMО-5, С-FMО-6 санаттағы құқық қорғау қызметінің лауазымдарына арналған және келесіні қамтиды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;
Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Құқық қорғау қызметі туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін білуге арналған тестілер.
Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (105 сұрақ) кем дегенде 63 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 90 минутті құрайды.

3

3) үшінші бағдарлама C-GP-1, C-AGP-1, C-KGP-1, C-GP-2, C-AGP-2, C-KGP-2, C-GP-3, C-AGP-3, C-KGP-3, C-GP-4, C-AGP-4, C-KGP-4, C-GP-5, C-AGP-5, C-KGP-5, C-GP-6, C-AGP-6, C-OGP-2, C-OGP-3, C-OGP-4, C-OGP-5, C-OGP-6, C-GP-7, C-AGP-7, C-OGP-7, C-AGP-8, C-OGP-8, C-OKGP-1, C-OKGP-2, C-OKGP-3, C-OKGP-4, C-OKGP-5, C-OKGP-6, C-OKGP-7, C-RGP-1, C-RGP-2, C-RGP-3, C-RGP-4, C-RGP-5, С-SVО-9, С-SVR-8, C-SVU-13, C-SVU-14, C-SVU-15, C-SGU-8, C-SGU-11, C-SGU-12, C-SGU-13, C-SSP-7, C-SSP-8, C-SN-5, C-SN-7, C-SN-8, В-РК-3, В-РК-4, В-РК-5, В-РК-6, В-РК-7, В-РК-8, В-РКО-3, В-РКО-4, В-РКО-5, В-РКО-6, В-РКО-7, В-РКО-8 санаттағы құқық қорғау қызметінің заңгерлік мамандық бойынша тиісті білімнің бар болуын талап етпейтін лауазымдарына арналған және келесіні қамтиды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;
Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Құқық қорғау қызметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін білуге арналған тестілер.
Бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (75 сұрақ) кем дегенде 35 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 60 минутті құрайды.

4 Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастыруды бұзу туралы АКТ

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасы
2022 жылғы 29 қарашадағы
№ 240 бұйрығына
4-қосымша
Құқық қорғау қызметіне
кіретін азаматтарды тесттен
өткізу қағидаларын,
бағдарламаларын және
оны ұйымдастыруға
4-қосымша
Нысан
Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары,
бағдарламалары және оны ұйымдастыруды бұзу туралы АКТ
20__ ж. «___» _____________ сағат ______ мин.
Тестілеу операторы__________________________________________________
(оператордың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Кандидаттың________________________ЖСН _______________________
(кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларын,
бағдарламаларын және оны ұйымдастырудың 16-тармағын бұзу фактісі анықталды:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
(Ереже бұзудың қысқаша сипаты)
Тестілеу операторының қолы:________________________________
Актімен таныстым:
_______________________________________________________________
(жоғарыда аталған бұзушылыққа жол берген кандидаттың қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)). Жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген кандидаттың
осы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда – тиісті жазба)
_______________________________________________________________
(жоғарыда аталған бұзушылыққа жол берген кандидаттың осы актіге қол қоюдан бас тартқанын растайтын басқа адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), ЖСН)

5 Құқық қорғау қызметінің лауазымдарына орналасуға кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламалары

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасы
2022 жылғы 29 қарашадағы
№ 240 бұйрығына
5-қосымша
Құқық қорғау қызметіне
кіретін азаматтарды тесттен
өткізу қағидалары, бағдарламалары
және оны ұйымдастыруға
9-қосымша
Құқық қорғау қызметінің лауазымдарына орналасуға кандидаттардың
жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламалары
Кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу екі бағдарламадан тұрады:

1

1) бірінші бағдарлама C-GP-1, C-AGP-1, C-KGP-1, C-GP-2, C-AGP-2, C-KGP-2, C-GP-3, C-AGP-3, C-KGP-3, C-GP-4, C-AGP-4, C-OGP-2, C-OGP-3, C-OGP-4, C-OGP-5, C-OGP-6, C-OKGP-1, C-OKGP-2, C-OKGP-3, C-OKGP-4, C-OKGP-5, C-RGP-1, C-RGP-2, C-RGP-3, В-PK-1, В-PK-2, В-PK-3, В-PK-4, В-PK-5, В-PKО-1, В-PKО-2, В-PKО-3, В-PKО-4, В-PKО-5, С-FM-2, С-FM-3, С-FM -4, С-FMO-1, С-FMО-2, С-FMО-3, С-FMО-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:
бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), талдамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), стратегиялық ойлану (12 тапсырма), көшбасшылық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестілер;
Бірінші бағдарлама бойынша тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 90 минутті құрайды.
Бірінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық - 1,5 балл, коммуникативтілік - 2 балл, талдамалық - 2,5 балл, ұйымдасқандық - 2,5 балл, стратегиялық ойлану - 2,5 балл, көшбасшылық - 2,5 балл, әдептілік - 1,5 балл, сапаға бағдарлану - 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану - 1,5 балл, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік - 2 балл.

2

2) екінші бағдарлама C-KGP-4, C-GP-5, C-AGP-5, C-KGP-5, C-GP-6, C-AGP-6, C-OKGP-6, C-GP-7, C-AGP-7, C-OGP-7, C-OKGP-7, C-AGP-8, C-OGP-8, C-RGP-4, C-RGP-5, С-SVО-8, С-SVR-7, C-SVU-8, C-SVU-9, C-SVU-10, C-SVU-12, C-SVU-13, C-SVU-14, C-SGU-5, C-SGU-7, C-SGU-8, C-SGU-11, C-SGU-12, С-SV-10, С-SVО-9, С-SVR-4, С-SVR-8, C-SVU-15, C-SGU-13, C-SSP-7, C-SSP-8, C-SN-5, C-SN-7, C-SN-8, В-PK-6, В-PK-7, В-PK-8, В-PKО-6, В-PKО-7, В-PKО-8, С-FM-5, С-FM-6, С-FMО-5, С-FMО-6 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:
бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), талдамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестілер;
Екінші бағдарлама бойынша тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.
Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық - 1,5 балл, коммуникативтілік - 1,5 балл, сараптамалық - 2 балл, ұйымдасқандық - 1,5 балл, әдептілік - 1,5 балл, сапаға бағдарлану - 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану - 1 балл, жемқорлыққа шыдамау - 2 балл.

6 Өтініш

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасы
2022 жылғы 29 қарашадағы
№ 240 бұйрығына
6-қосымша
Құқық қорғау қызметіне
кіретін азаматтарды тесттен
өткізу қағидалары, бағдарламалары
және оны ұйымдастыруға
11-қосымша
Өтініш
____________________ _____________________ қ.
(тестілеу күнін көрсету)
өткен Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша шағымдануға рұқсат беруді сұраймын.
Тестілеу нәтижелеріне шағым беру талабымның мәні:
_______________________________________________________
_______________________________________________________
_______________________________________________________
_______________________________________________________
Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастырудың негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.
«___» _______________ 20__ж.

Қолданыстағы