Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 20 апреля 2016 года № 118 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и лесного хозяйства, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»

Қаулы · № 163 · қабылданған 27.06.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2016-no-118-ekb-198491/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 20 апреля 2016 года № 118 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и лесного хозяйства, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности» Қолданыста Қаулы ·№ 163 ·27.06.2024
27.06.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 20 апреля 2016 года № 118 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и лесного хозяйства, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»

Қолданыста Қаулы ·№ 163 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 20 апреля 2016 года № 118 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и лесного хозяйства, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
Атауы (қаз.)
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 118 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
163
Қабылданған күні
27.06.2024
Көрсетілген редакция
27.06.2024 198491_709154.kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24V0904716
ЭКБ идентификаторы
198491
Редакция идентификаторы
198491_709154
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:49

0

«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 118 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 118 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4550 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Облыстың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін оның Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2024 жылғы 27 маусымдағы
№ 163 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2016 жылғы 20 сәуірдегі
№ 118 қаулысына
2 қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1

1. Басқарушы персонал: мансап орталығының басшысы, басшының орынбасары, стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы («Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары» коммуналдық мемлекеттік мекемелері), аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының (күндізгі болу жағдайындағы үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері) басшысы, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының облыстық маңызы бар ұйымының құрылымдық бөлімше басшысының орынбасары (арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары жанындағы күндізгі болу ұйым басшысының орынбасары).

2

2. Негізгі персонал: барлық мамандықтағы дәрігерлер, фельдшер, медициналық мейіргер, фармацевт, диеталық мейіргер, барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, дефектолог, логопед, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының (ұйымдардың) әдіскері, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, мансап орталығының бөлім (сектор) басшысы, мансап орталығының консультанты, мансап орталығының ассистенті, мансап орталығының маманы, қарттар мен мүгедектігі бар адамдардарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік қызмет жөніндегі консультант, иппотерапия жөніндегі нұсқаушы-әдіскер, мәдени ұйымдастырушы, шаштараз, емдік денешынықтыру жөніндегі маман, жүзу жөніндегі нұсқаушы, музыкалық жетекші, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант.

3 3. Әкімшілік персонал: кітапханашы.

4 4. Қосалқы персонал: ассистент.

Қолданыстағы