О внесении изменения в постановление акимата города Алматы от 20 января 2016 года № 1/20 "Об утверждении регламента государственной услуги "Назначение жилищной помощи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата города Алматы от 20 января 2016 года № 1/20 "Об утверждении регламента государственной услуги "Назначение жилищной помощи"
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы әкімдігінің "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы" 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 1/20 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1/4
- Қабылданған күні
- 08.01.2018
- Көрсетілген редакция
- 20.10.2020 118152_491157.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18R0001445
- ЭКБ идентификаторы
- 118152
- Редакция идентификаторы
- 118152_491157
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:09
0 Алматы қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы» 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 1/20 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы» 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 1/20 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1254 болып тіркелген, «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде 2016 жылғы 20 ақпанда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
3 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.».
2
2. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.