О внесении изменений в решение маслихата от 20 мая 2016 года № 17 "Об утверждении Правил о дополнительном регламентировании проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 20 мая 2016 года № 17 "Об утверждении Правил о дополнительном регламентировании проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций"
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2016 жылғы 20 мамырдағы № 17 "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 42
- Қабылданған күні
- 14.10.2016
- Көрсетілген редакция
- 19.08.2020 107577_477915.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16NS006705
- ЭКБ идентификаторы
- 107577
- Редакция идентификаторы
- 107577_477915
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:31
0 Мәслихаттың 2016 жылғы 20 мамырдағы
№ 17 «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 10 - бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 – бабына сәйкес, Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мәслихаттың 2016 жылғы 20 мамырдағы № 17 «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6493 тіркелген, 2016 жылғы 13 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларына 1, 2 – қосымшалар осы шешімнің 1, 2 - қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ұзынкөл ауданы әкімдігінің ішкі
саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушысы
__________________С. Альмагамбетова
2016 жылғы «14» қазан
3 Мәслихаттың
2016 жылғы «14» қазандағы
№ 42 шешіміне 1 - қосымша
Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларына 1-қосымша
Жиналыстар және митингiлер өткізу орындары
№ р/с
Жиналыстар және митингiлер өткізу орындары
1
Абай көшесі бойындағы «Тәуелсіздік» паркі
2
Б. Дощанов көшесі мен Ш.Валиханов көшелерінің қиылысындағы футбол алаңы
4 Мәслихаттың
2016 жылғы «14» қазандағы
№ 42 шешіміне 2 - қосымша
Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларына 2-қосымша
Шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу маршруттары
№ р/с
Шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу маршруттары
1
Ғ.Мүсірепов көшесі мен Ш.Валиханов көшелерінің қиылысынан Ғ.Мүсірепов көшесі мен Абылайхан атындағы көшелерінің қиылысына дейін. Ғ.Мүсірепов көшесі мен Абылайхан атындағы көшелерінің қиылысынан Ғ.Мүсірепов көшесі мен Абай көшелерінің қиылысына дейін. Ғ.Мүсірепов көшесі мен Абай көшелерінің қиылысынан «Тәуелсіздік» паркіне дейін.
2
Ғ.Мүсірепов көшесі мен Ш.Валиханов көшелерінің қиылысынан Б.Дощанов көшесі мен Ш.Валиханов көшелерінің қиылысына дейін. Б.Дощанов көшесі мен Ш.Валиханов көшелерінің қиылысынан футбол алаңына дейін.