Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 20 октября 2016 года № 215 «Об утверждении Правил регулирования предельного уровня цен на субсидируемые универсальные услуги связи, оказываемые в сельских населенных пунктах»

Бұйрық · № 74 · қабылданған 28.02.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2016-no-215-ekb-110955/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 20 октября 2016 года № 215 «Об утверждении Правил регулирования предельного уровня цен на субсидируемые универсальные услуги связи, оказываемые в сельских населенных пунктах» Қолданыста Бұйрық ·№ 74 ·28.02.2017
28.02.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 20 октября 2016 года № 215 «Об утверждении Правил регулирования предельного уровня цен на субсидируемые универсальные услуги связи, оказываемые в сельских населенных пунктах»

Қолданыста Бұйрық ·№ 74 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 20 октября 2016 года № 215 «Об утверждении Правил регулирования предельного уровня цен на субсидируемые универсальные услуги связи, оказываемые в сельских населенных пунктах»
Атауы (қаз.)
«Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 қазандағы № 215 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
74
Қабылданған күні
28.02.2017
Көрсетілген редакция
28.02.2017 110955_170804.kaz
Соңғы өзгеріс
28.02.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700014955
ЭКБ идентификаторы
110955
Редакция идентификаторы
110955_170804
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:58

0 «Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 қазандағы № 215 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 қазандағы № 215 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14530 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағына, сондай-ақ «Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағына, сондай-ақ «Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілді және ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу тәртібін айқындайды.»

2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті (А.Ғ. Қожықов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде қазақша және орысша тілдерде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 21 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
________________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы 24 ақпан

Қолданыстағы