О внесении изменения и дополнения в постановление акимата Мангистауского района от 20 июля 2016 года № 241 «Об установлении квоты рабочих мест»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление акимата Мангистауского района от 20 июля 2016 года № 241 «Об установлении квоты рабочих мест»
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 241 «Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 126
- Қабылданған күні
- 09.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 08.11.2021 143698_544606.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.11.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20M0004233
- ЭКБ идентификаторы
- 143698
- Редакция идентификаторы
- 143698_544606
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:09
0 Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 шілдедегі №241 «Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес, Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 шілдедегі №241 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3121 болып тіркелген, 2016 жылы 15 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгіленсін.»;
осы қаулының қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2
2. «Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бөлім басшысы М.Оразалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Маңғыстау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар
Маңғыстау ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 9 маусымы
№ 126 қаулысына қосымша
Маңғыстау ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 20 шілдедегі
№241 қаулысына қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар
№
Ұйымның атауы
Жұмыс орнының саны
Квота мөлшері, % есебімен
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны
1
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Маңғыстау орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
454
3
14