О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 20 января 2016 года № 303 "О некоторых вопросах государственных инвестиционных проектов на 2016 год"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 20 января 2016 года № 303 "О некоторых вопросах государственных инвестиционных проектов на 2016 год"
- Атауы (қаз.)
- "2016 жылға арналған мемлекеттік инвестициялық жобалардың кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 303 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 654
- Қабылданған күні
- 07.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 07.12.2016 108272_156467.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16L0005671
- ЭКБ идентификаторы
- 108272
- Редакция идентификаторы
- 108272_156467
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:01
0 «2016 жылға арналған мемлекеттік инвестициялық жобалардың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы
20 қаңтардағы № 303 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «2016 жылға арналған мемлекеттік инвестициялық жобалардың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 303 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5316 тіркелген, облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде 2016 жылдың 28 қаңтарында жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
1) аталған қаулымен бекітілген техникалық-экономикалық негiздемелерін әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған бюджеттiк инвестициялық жобалардың Тiзбесiндегі:
«Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі» 1-бөлімінің:
реттік нөмірі бірінші жолы алынып тасталсын;
2) аталған қаулымен бекітілген «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі қызметтердің Тізбесіндегі:
«Қызылорда облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі» 2- бөлімінің:
реттік нөмірі екінші жолы жаңа редакцияда жазылсын:
2
Қызылорда облысының білім беру жүйесін жетілдіру
3 829
3) аталған қаулымен бекітілген конкурстық құжаттамаларын әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзу «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының Тiзбесi осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2 Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы «7» желтоқсандағы
№654 қаулысына қосымша
Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы 20 қаңтардағы № 303
қаулысымен бекітілген
Конкурстық құжаттамаларын әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзу «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының Тiзбесi
№
Жобаның атауы
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу сомасы,
мың теңге
1
2
3
1.«Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі
1
Қызылорда қаласындағы жекпе-жек спорт түрлерінің дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға беру
1332
2
Қызылорда қаласы Жанқожа батыр көшесінде ауысымына 400 қабылдауға арналған емхананы ашу
1332
3
Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалын салу
1332