О внесении изменения в постановление акимата Кызылординской области от 20 января 2016 года № 307 «Об утверждении классификации видов работ, выполняемых при содержании, текущем, среднем и капитальном ремонтах улиц населенных пунктов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Кызылординской области от 20 января 2016 года № 307 «Об утверждении классификации видов работ, выполняемых при содержании, текущем, среднем и капитальном ремонтах улиц населенных пунктов»
- Атауы (қаз.)
- «Елді мекендердің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 307 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 18
- Қабылданған күні
- 25.01.2024
- Көрсетілген редакция
- 25.01.2024 192924_681944.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.01.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24L0848911
- ЭКБ идентификаторы
- 192924
- Редакция идентификаторы
- 192924_681944
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:25
0 «Елді мекендердің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 307 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Елді мекендердің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 307 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5368 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Елді мекендердің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасының 31-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жол жамылғылары бойынша, соның ішінде:
цемент-бетонды жабындысы бар жабынды автожолдар бойынша:
тозған тақталарды алмастыру, темір-бетон төсемдерінің жеке тақталарын көтеру немесе тегістеу;
қорғау қабатын салу, үлкен ұзақтықтағы темір-бетон тақталарының және цемент-бетон төсемдерінің жапсарларын жөндеу, жеке учаскелерде асфальт-бетон қабатын салу;
асфальт-бетонды және өтпелі жабынды автожолдар бойынша:
жетілдірілген қоспаларды қолданумен үстіңгі қабатты өндеу; жетілдірілген төсемнің тозған жоғарғы қабатын қалпына келтіру және қолданыстағы жол жамылғысын бөлшектеу және қажетті жағдайда қабатты тегістейтін және үстіңгі қабатқа немесе жөнделетін учаскенің барлық ұзындығына тозу қабатына өндеу жүргізу арқылы жеке және иірімді учаскелерде жол жамылғысын салу;
асфальт-бетон қоспасының қажетті мөлшерін қосу арқылы шорлары, сораптары, жоталары және басқа да өзгерістері мен ақаулары бар жетілдірілген төсемді қалпына келтіру;
жаңа материалдардың қажетті мөлшерін қосу арқылы және жол жабындарының негізін салу үшін алынған материалдарды, оның үстіне асфальтты-бетон қабатын немесе тозу қабатын төсеу арқылы шорлары, сораптары, жоталары және басқа да өзгерістері мен ақаулары бар жетілдірілген төсемді қайлау және қалпына келтіру;
жаңа материалдарды және жұмыс өндірісінің технологияларын қолдану арқылы сыналған учаскелерді салу және оларға мониторинг жүргізу; шағылтасты және қиыршықтасты төсемдердің қапталдарын, сондай-ақ материалдар қолдану арқылы топырақты жолдарды қалпына келтіру;
қиыршықтасты және топырақты жолдардың жүру бөлігін тұтқыр және шаңсыздандыратын материалдармен жақсарту;
вираждарды салу және қозғалыс үшін қауіпті қисық көрінулерді қамтамасыз ету;
жөнделетін учаскелердің жүру бөлігін белгілеу;
жолдың техникалық санатын өзгертпей, ұзақтығы 15 километрден аспайтын ұсақтасты және қиыршықтасты жабынды асфальт-бетонды жабынға ауыстыру.».