О внесении изменений в решение Сандыктауского районного маслихата от 20 мая 2016 года № 3/4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Сандыктаускому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Сандыктауского районного маслихата от 20 мая 2016 года № 3/4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Сандыктаускому району»
- Атауы (қаз.)
- Сандықтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 мамырдағы № 3/4 «Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 8/4
- Қабылданған күні
- 23.11.2016
- Көрсетілген редакция
- 22.01.2021 108324_507319.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16BP005622
- ЭКБ идентификаторы
- 108324
- Редакция идентификаторы
- 108324_507319
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:13
0 Сандықтау аудандық мәслихатының
2016 жылғы 20 мамырдағы № 3/4
«Сандықтау ауданы бойынша
әлеуметтік көмек көрсетудің,
мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидасын бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Сандықтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 мамырдағы № 3/4 «Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» (Ақмола облысының Әділет департаментінде № 5414 тіркелген, «Сандыктауские вести» газетінде 2016 жылдың 17 маусымында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген, Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
1 тараудың 2 тармағының 8) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«8) "уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекетік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы – "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" Департаментінің Сандықтау аудандық бөлімшесі;»;
2 тараудың 11 тармағының 1) тармақшасының екінші абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:
«ауру тарихының көшірмесі негізінде онкологиялық аурумен ауыратындарға, операциядан кейін емделуіне, бір рет 15 айлық есептеу көрсеткіші мөлшерінде;».
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Сандықтау ауданының әкімі
А.Исмағамбетов
2016 жылғы 23 қараша