Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 20 июля 2016 года № 45 «Об утверждении Правил назначения и отзыва полномочий назначенного оператора»

Бұйрық · № 17 · қабылданған 21.01.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2016-no-45/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 20 июля 2016 года № 45 «Об утверждении Правил назначения и отзыва полномочий назначенного оператора» Қолданыста Бұйрық ·№ 17 ·21.01.2019
21.01.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.01.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 20 июля 2016 года № 45 «Об утверждении Правил назначения и отзыва полномочий назначенного оператора»

Қолданыста Бұйрық ·№ 17 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 20 июля 2016 года № 45 «Об утверждении Правил назначения и отзыва полномочий назначенного оператора»
Атауы (қаз.)
«Операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 45 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
17
Қабылданған күні
21.01.2019
Көрсетілген редакция
21.01.2019 128666_386702.kaz
Соңғы өзгеріс
21.01.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018230
ЭКБ идентификаторы
128666
Редакция идентификаторы
128666_386702
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:18

0 «Операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 45 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 45 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14134 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 7 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидаларында:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Уәкілетті орган жылына 1 реттен жиі емес тағайындалған оператордың оның тағайындалған оператор ретінде қызметін жүзеге асыру барысында ДПО актілерімен және Қазақстан Республикасы аумағында пошта саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамамен белгіленген нормаларды орындауына мониторинг жасайды, сондай-ақ:
1) Қазақстан Республикасының пошта байланысы қызметтерін көрсету саласындағы заңнамасында айтарлықтай өзгерістер болған;
2) тағайындалған оператор тағайындалған оператор ретінде қызметін жүзеге асыру барысында ДПО актілерінен туындайтын және Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы Қазақстан Республикасының заңнама нормаларымен белгіленген міндеттемелерін ықтимал сақталмауы туралы куәландыратын деректерді анықтаған жағдайларда жүргізеді.»;
15-тармақ алып тасталсын;
16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Уәкілетті орган тағайындалған оператордың өз қызметі процесінде Қазақстан Республикасының пошта саласындағы заңнамасымен және ДПО актілерімен белгіленген нормаларды сақтамау фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган тағайындалған операторға анықталған бұзушылық туралы хат жолдайды.
17. Тағайындалған оператор анықталған бұзушылық туралы хатты алған сәттен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей анықталған бұзушылықтарды жояды және ол туралы уәкілетті органды жазбаша хабардар етеді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

4 2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы