О внесении изменения в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 20 июля 2016 года № 47 «Об утверждении реестра должностей гражданских служащих в сфере связи, информатизации и информации»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 20 июля 2016 года № 47 «Об утверждении реестра должностей гражданских служащих в сфере связи, информатизации и информации»
- Атауы (қаз.)
- «Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 47 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 535
- Қабылданған күні
- 24.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 11.10.2019 127497_424072.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.10.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800018067
- ЭКБ идентификаторы
- 127497
- Редакция идентификаторы
- 127497_424072
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:54
0 «Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 47 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 47 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14098 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Персоналды басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4 4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
0 Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар министрінің
2018 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 535 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2016 жылғы 20 шілдедегі
№ 47 бұйрығымен бекітілген
Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі
Звено
Саты
Лауазымдар атауы
А блогы - Басқарушы персонал
А1
1
Республикалық маңызы бар ММ* басшысы
1-1
Республикалық маңызы бар ММ* басшысының орынбасары
А2
1
Республикалық маңызы бар ММ* Әкімшілік-қаржылық басқармасының басшысы
1-1
Республикалық маңызы бар ММ* бас бухгалтері
2
Республикалық маңызы бар ММ* басқармасының басшысы
В блогы - Негізгі персонал
В1
2
Республикалық маңызы бар ММ* бас сарапшысы
3
Республикалық маңызы бар ММ* жетекші сарапшысы
4
Кеңесші
С блогы – Әкімшілік персонал
С2
Әкімшілік функцияларды орындайтын бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі мамандар: заңгер;
экономист;
мемлекеттік сатып алу бойынша менеджер; мұрағатшы;
аудармашы;
инспектор;
бухгалтер;
әдіскер;
барлық мамандықтар инженерлері.
С3
Әкімшілік функцияларды орындайтын біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: инспектор;
заң кеңесшісі;
экономист;
мұрағатшы;
аудармашы;
бухгалтер;
барлық мамандықтар инженерлері;
шаруашылық (қойма) меңгерушісі.
D блогы - Қосалқы персонал
D
Техникалық орындаушылар:
хатшы;
көшіру-көбейту машиналарының операторы;
іс жүргізуші.
Ескертпе:
* ММ - мемлекеттік мекеме