О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 20 июля 2016 года № 639 «О размещении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с техническим и профессиональным, послесредним образованием на 2016-2017 учебный год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 20 июля 2016 года № 639 «О размещении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с техническим и профессиональным, послесредним образованием на 2016-2017 учебный год
- Атауы (қаз.)
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2016-2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 639 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 35
- Қабылданған күні
- 22.02.2017
- Көрсетілген редакция
- 22.02.2017 110348_165387.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.02.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700014890
- ЭКБ идентификаторы
- 110348
- Редакция идентификаторы
- 110348_165387
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:04
0 «Техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білімі бар
мамандарды даярлауға 2016-2017
оқу жылына арналған мемлекеттік
білім беру тапсырысын орналастыру
туралы» Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің 2016 жылғы
20 шілдедегі № 639 бұйрығына
өзгеріс енгізу туралы»
2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1- тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2016-2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 639 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14051 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 1 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2016-2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті заңнамамен бекітілген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күннің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 22 ақпандағы № 35
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі
№ 639 бұйрығына қосымша
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі
бар мамандарды даярлауға 2016-2017 оқу жылына
арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
р/с
№
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары
Бөлінген орындардың саны
Мамандықтардың атауы
Мамандық бойынша бөлінген орындардың саны
1
2
3
4
5
1.
Республикалық жоғары медицина колледжі
780, оның ішінде 399 қазақ тілінде білім алушылар
Емдеу ісі
26 қазақ тілінде білім алушылар
Мейіргер ісі
404, оның ішінде 25 қазақ тілінде білім алушылар 198, соның ішінде жаңадан қабылдау: 75, оның ішінде қазақ тілінде білім алушылар саны –25, «Массажист» біліктілігімен білім алушылар саны – 16
«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат
49 орыс тілінде білім алушылар, соның ішінде жаңадан қабылдау: 25
Ортопедиялық стоматология
қазақ тілінде білім алушылар – 25, оның ішінде жаңадан қабылдау – 25
Зертханалық диагностика
201, оның ішінде 125 қазақ тілінде білім алушылар, оның ішінде жаңа қабылдау: 25
Фармация
50 орыс тілінде білім алушылар, оның ішінде жаңа қабылдау: 25
Гигиена және эпидемиология
қазақ тілінде 25 білім алушы, оның ішінде 25
2.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
150 қазақ тілінде білім алушылар
Емдеу ісі
қазақ тілінде білім алушылар саны 75
Фармация
қазақ тілінде білім алушылар саны 50
Мейіргер ісі
қазақ тілінде білім алушылар саны 25
3.
Астана қаласының жоғары
медициналық колледжі
25 орыс тілінде білім алушылар
«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат
қазақ тілінде білім алушылар саны 25
4.
Көкшетау жоғары
медициналық колледжі
25 орыс тілінде білім алушылар
«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат
қазақ тілінде білім алушылар саны 25
5.
Қызылорда жоғары
медициналық
колледжі
25 қазақ тілінде білім алушылар
«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат
қазақ тілінде білім алушылар саны 25
6.
Павлодар жоғары
медициналық колледжі
25 орыс тілінде білім алушылар
«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат
қазақ тілінде білім алушылар саны 25
7.
Батыс Қазақстан
жоғары
медициналық колледжі
25 орыс тілінде білім алушылар
«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат
қазақ тілінде білім алушылар саны 25