О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 20 декабря 2016 года № 91 «Об утверждении технического регламента «Общие требования к телекоммуникационному оборудованию по обеспечению проведения оперативно-розыскных мероприятий, сбора и хранения служебной информации об абонентах»
Күшін жойған
Бұйрық
№ 32/қе
21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 20 декабря 2016 года № 91 «Об утверждении технического регламента «Общие требования к телекоммуникационному оборудованию по обеспечению проведения оперативно-розыскных мероприятий, сбора и хранения служебной информации об абонентах»
- Атауы (қаз.)
- «Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 91 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 32/қе
- Қабылданған күні
- 29.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 02.08.2022 142486_585279.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000020560
- ЭКБ идентификаторы
- 142486
- Редакция идентификаторы
- 142486_585279
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:43
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
0
«Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 91 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 91 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14680 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 7 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген «Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінде:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. ЖІШ өткізу құралдары жүйелік уақытын Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 1 секунд дәлдігімен синхрондауды және барлық жазылатын телефондық сөйлесулер мен хабарламаларға сәйкес уақыт белгілерін беруді қамтамасыз етуі тиіс.»;
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. АҚА жинау және сақтау құралдары жүйелік уақытын Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 1 секунд дәлдігімен синхрондауды және барлық жазылатын мәліметтерге сәйкес уақыт белгілерін беруді қамтамасыз ету тиіс.».
аталған бұйрықпен бекітілген «Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінде:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. ЖІШ өткізу құралдары жүйелік уақытын Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 1 секунд дәлдігімен синхрондауды және барлық жазылатын телефондық сөйлесулер мен хабарламаларға сәйкес уақыт белгілерін беруді қамтамасыз етуі тиіс.»;
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. АҚА жинау және сақтау құралдары жүйелік уақытын Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 1 секунд дәлдігімен синхрондауды және барлық жазылатын мәліметтерге сәйкес уақыт белгілерін беруді қамтамасыз ету тиіс.».
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
__________________ А. Жұмағалиев
2020 жылғы «____»_________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрі
__________________ Б. Сұлтанов
2020 жылғы «____»_________
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
__________________ А. Жұмағалиев
2020 жылғы «____»_________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрі
__________________ Б. Сұлтанов
2020 жылғы «____»_________