Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Уральского городского маслихата от 20 апреля 2016 года №3-5 «О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в городе Уральск»

Өзге акт · № 5-12 · қабылданған 01.07.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2016-no3-5-ekb-104261/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Уральского городского маслихата от 20 апреля 2016 года №3-5 «О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в городе Уральск» Күшін жойған Өзге акт ·№ 5-12 ·01.07.2016
31.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Уральского городского маслихата от 20 апреля 2016 года №3-5 «О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в городе Уральск»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 5-12 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Уральского городского маслихата от 20 апреля 2016 года №3-5 «О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в городе Уральск»
Атауы (қаз.)
Орал қалалық мәслихатының 2016 жылғы 20 сәуірдегі №3-5 «Орал қаласында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5-12
Қабылданған күні
01.07.2016
Көрсетілген редакция
31.01.2020 104261_442564.kaz
Соңғы өзгеріс
31.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16ZA004467
ЭКБ идентификаторы
104261
Редакция идентификаторы
104261_442564
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:31

0 Орал қалалық мәслихатының

2016 жылғы 20 сәуірдегі № 3-5
«Орал қаласында жиналыстар,
митингілер, шерулер, пикеттер
мен демонстрациялар өткізу тәртібін
қосымша реттеу туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Орал қалалық мәслихатының 2016 жылғы 20 сәуірдегі №3-5 «Орал қаласында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4355 тіркелген, 2016 жылғы 5 мамырда «Жайық үні – Жизнь города» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспе бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу туралы өтініш беру кезінде осы тәртіптің 4-тармағының талаптары орындалмаған жағдайда (яғни рәсімдеу талаптары), ол жиналыстар, митингтер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізуден бас тартуға негіз бола алмайды.
Мұндай жағдайда Әкімдікпен жол берілген кемшілікті жаңа өтініш беру жолымен жоюды ұсына отырып, түсіндіру мазмұнындағы ресми жауап қайтарады. Жаңа өтінішті қарау мерзімі оның келіп түскен күнінен бастап есептеледі.»;
8-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) алкогольдік ішімдік ішкен және есірткі қабылдаған жағдайда жиналысқа, митингке, шеруге, пикетке немесе демонстрацияға қатысуға;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік араздықты, діни төзімсіздікті, тектік астамшылықты қоздыру, конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, республиканың аумақтық тұтастығына қол сұғуға бағытталған транспаранттарды, ұрандар және басқа да материалдарды (визуалды, аудио, видео) қолдануға, сондай-ақ көпшілік алдында сөз сөйлеуге;».

2 2. Орал қалалық мәслихаты аппаратының басшысы (С.Давлетов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы