О внесении изменений в решение Алгинского районного маслихата от 20 ноября 2017 года № 128 «Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Алгинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Алгинского районного маслихата от 20 ноября 2017 года № 128 «Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Алгинского района»
- Атауы (қаз.)
- Алға аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қарашадағы № 128 «Алға ауданында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 260
- Қабылданған күні
- 25.04.2019
- Көрсетілген редакция
- 01.07.2021 131082_692580.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.07.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19CC006119
- ЭКБ идентификаторы
- 131082
- Редакция идентификаторы
- 131082_692580
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:13
0 Алға аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қарашадағы № 128 «Алға ауданында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілері туралы» Заңының 26 бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Алға аудандық маслихатының 2017 жылғы 20 қарашадағы № 128 «Алға ауданында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5719 тіркелген, 2017 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген қазақ тіліндегі Қағидаларының 4 тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы орган мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).
Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында қызмет атқаруға аудан әкімдігімен уәкілеттілік берген және тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы орган белгіленеді.».