Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата от 20 января 2017 года № 157 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов»

Қаулы · № 524 · қабылданған 23.02.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2017-no-157-ekb-119307/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата от 20 января 2017 года № 157 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов» Қолданыста Қаулы ·№ 524 ·23.02.2018
23.02.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата от 20 января 2017 года № 157 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов»

Қолданыста Қаулы ·№ 524 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата от 20 января 2017 года № 157 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов»
Атауы (қаз.)
Әкімдіктің 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 157 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
524
Қабылданған күні
23.02.2018
Көрсетілген редакция
23.02.2018 119307_298147.kaz
Соңғы өзгеріс
23.02.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18NA007581
ЭКБ идентификаторы
119307
Редакция идентификаторы
119307_298147
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:40

0 Әкімдіктің 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 157 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қостанай қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 157 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6822 болып тіркелген, 2017 жылғы 8 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұйымдар, ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің тізімдік санының:
елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.».

2 2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы