О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 20 июля 2017 года № 167/21-VI «О Порядке оказания социальной помощи отдельным категориям граждан города Нур-Султана в виде освобождения от оплаты за проезд на маршрутах городского пассажирского транспорта»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 20 июля 2017 года № 167/21-VI «О Порядке оказания социальной помощи отдельным категориям граждан города Нур-Султана в виде освобождения от оплаты за проезд на маршрутах городского пассажирского транспорта»
- Атауы (қаз.)
- «Нұр-Сұлтан қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 167/21-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 12/2-VII
- Қабылданған күні
- 10.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 10.03.2021 153897_516698.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21A0001316
- ЭКБ идентификаторы
- 153897
- Редакция идентификаторы
- 153897_516698
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:17
0 «Нұр-Сұлтан қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 167/21-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 2-3-тармағына, «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Нұр-Сұлтан қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 167/21-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1124 болып тіркелген, 2017 жылғы 19 тамыздағы «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімінің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 55-бабының 1-тармағының 5-тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының 3-тармақшасына, «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10, 11-баптарына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
жоғарыда көрсетілген шешімімен бекітілген Нұр-Сұлтан қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібінде (бұдан әрі – Тәртіп):
Тәртіптің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Осы Нұр-Сұлтан қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының 3-тармақшасына, «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10, 11-баптарына сәйкес әзірленді.»;
4-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Әлеуметтік көмек азаматтардың мына санаттарына:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
2) жасы бойынша және еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнеткерлерге, сонымен қатар жасына байланысты және зейнеткерлік жасқа жеткен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға;
3) көп балалы аналарға;
4) көп балалы отбасыларға;
5) мүгедектерге;
6) он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балаларға, оның ішінде ата-анасының (заңды өкiлдерінің) біреуіне ұсынылады.»;
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату үшін электрондық атаулы картасының түпнұсқасы негіз болып табылады.».