Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 20 июля 2017 года № 167/21-VI «О Порядке оказания социальной помощи отдельным категориям граждан города Нур-Султан в виде освобождения от оплаты за проезд на маршрутах городского пассажирского транспорта»

Өзге акт · № 267/34-VII · қабылданған 23.11.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2017-no-16721-vi-ekb-174084/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 20 июля 2017 года № 167/21-VI «О Порядке оказания социальной помощи отдельным категориям граждан города Нур-Султан в виде освобождения от оплаты за проезд на маршрутах городского пассажирского транспорта» Қолданыста Өзге акт ·№ 267/34-VII ·23.11.2022
23.11.2022 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 20 июля 2017 года № 167/21-VI «О Порядке оказания социальной помощи отдельным категориям граждан города Нур-Султан в виде освобождения от оплаты за проезд на маршрутах городского пассажирского транспорта»

Қолданыста Өзге акт ·№ 267/34-VII · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 20 июля 2017 года № 167/21-VI «О Порядке оказания социальной помощи отдельным категориям граждан города Нур-Султан в виде освобождения от оплаты за проезд на маршрутах городского пассажирского транспорта»
Атауы (қаз.)
«Нұр-Сұлтан қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 167/21-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
267/34-VII
Қабылданған күні
23.11.2022
Көрсетілген редакция
23.11.2022 174084_602764.kaz
Соңғы өзгеріс
23.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22AAZ30684
ЭКБ идентификаторы
174084
Редакция идентификаторы
174084_602764
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 22:48

0 «Нұр-Сұлтан қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 167/21-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Нұр-Сұлтан қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 167/21-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1124 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қосымшаға сәйкес Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

Астана қаласы мәслихатының
2022 жылғы 23 қарашадағы
№ 267/34-VII шешіміне
қосымша
Астана қаласы мәслихатының
2017 жылғы «20» шілдедегі
№ 167/21-VI шішіміне
қосымша
Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
Осы Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының 3-тармақшасына, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10, 11-баптарына сәйкес әзірленді.

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түріндегі әлеуметтік көмек (бұдан әрі – әлеуметтік көмек) Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын азаматтарға көрсетіледі.

2

2. Әлеуметтік көмек «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкімші) әкімшісі болып табылатын «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасына (бұдан әрі – бағдарлама) сәйкес және қала бюджетінде осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде ұсынылады.

3

3. Бағдарламаны іске асыру мақсатында әкімшісінің, «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) және астананың көліктік инфрақұрылым объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын компанияның арасындағы осы міндеттемелерді орындау талаптары мен тараптардың міндеттері ескертілген шарт жасалады.

4 4. Әлеуметтік көмекті көрсету үшін қажет болған жағдайда, сондай-ақ тоқсан сайын бір рет:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлық қоғамының Астана қаласы бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментімен – тәртіптің 5-тармағында көрсетілген санаттарға жататын азаматтар туралы;
әкімшімен – 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап көп балалы отбасылар бойынша мәліметтер (электрондық және қағаз жеткізгіштерде) Басқармаға ұсынылады.

2 2. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

5 5. Әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына:

1 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

2 2) жасы бойынша және еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнеткерлерге, сонымен қатар жасына байланысты және зейнеткерлік жасқа жеткен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға;

3 3) көп балалы аналарға;

4 4) көп балалы отбасыларға;

5 5) мүгедектігі бар адамдарға;

6 6) он сегiз жасқа дейiнгi мүгедектігі бар балаларға, оның ішінде ата-анасының (заңды өкiлдерінің) біреуіне;

7 7) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар ішінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына ұсынылады.

6 6. Қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату үшін электрондық атаулы картасының түпнұсқасы негіз болып табылады.

7 7. Басқарма:

1 1) Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасына сәйкес қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде қызмет көрсететін тасымалдаушыларды (бұдан әрі – тасымалдаушылар) анықтайды;

2 2) Астана қаласының аумағында қалалық жолаушылар көлігінің бағдарлары бойынша тасымалдауды ұйымдастырады;

3 3) қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінің қызмет көрсету сапасына бақылауды жүзеге асырады;

4 4) ай сайын осы тәртіптің 5-тармағында көрсетілген тасымалдаушылармен жүзеге асырылған азаматтарды тасымалдау бойынша атқарылған жұмыстардың актісін дайындау жолымен атқарылған жұмыстарды есепке алуды қамтамасыз етеді және келесі айдың 10-на дейін оларды әкімшіге ұсынады;

5 5) осы мақсаттарға бөлінген бюджеттік қаражатты бөлуді тасымалдаушылар арасында қамтамасыз етеді.

8 8. Әкімші:

Басқарма арқылы, орындалған жұмыстардың актілері негізінде, көрсетілген қызметтер санына қарамастан және толық көлемде қаржыландырудың бекітілген жоспарына сәйкес осы тәртіптің 5-тармағында көрсетілген азаматтардың санаттарына тегін жол жүруге байланысты тасымалдаушылардың шығынын ішінара орнын толтыруды жүргізеді.

Қолданыстағы