О внесении дополнений в решение маслихата города Астаны от 20 июля 2017 года № 170/21-VI «О дополнительном предоставлении лекарственных средств, специализированных лечебных продуктов, изделий медицинского назначения отдельным категориям граждан при амбулаторном лечении бесплатно и на льготных условиях»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в решение маслихата города Астаны от 20 июля 2017 года № 170/21-VI «О дополнительном предоставлении лекарственных средств, специализированных лечебных продуктов, изделий медицинского назначения отдельным категориям граждан при амбулаторном лечении бесплатно и на льготных условиях»
- Атауы (қаз.)
- «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 170/21-VI шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 284/34-VI
- Қабылданған күні
- 28.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 12.12.2018 123414_390706.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18AAZ01183
- ЭКБ идентификаторы
- 123414
- Редакция идентификаторы
- 123414_390706
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:53
0 «Азаматтардың жекелеген санаттарына
амбулаториялық емделу кезінде тегін және
жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды,
бейімделген емдік өнімдерді, медициналық
мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру
туралы» Астана қаласы мәслихатының
2017 жылғы 20 шілдедегі № 170/21-VI
шешіміне толықтырулар енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 9 бабының 1 тармағы 5) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы» Астана қаласы маслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 170/21-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылдың 9 тамызында № 1123 болып тіркелген, 2017 жылдың 12 тамызында «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланды) мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіміне қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 10-18–жолдармен толықтырылсын:
«
10.
Буллезді эпидермолиз
Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары
Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері
Медициналық мақсаттағы бұйымдар
Мамандандырылған емдік өнімдер
11.
Идиопатиялық өкпе фиброзы
Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары
Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері
Пирфенидон, капсула
12.
Анапластикалық лимфоманың киназа генінің экспрессиясы-мен ұсақ жасушалы емес өкпе обыры
Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары
Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері
Кризотиниб, капсула
Ниволумаб, ампула
13.
HER2-рецептор-ларының обырлық гиперэкспрес-сиясы бар жергілікті-рецидивті, ота жасауға жатпайтын сүт безінің обыры
Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары
Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері
Пертузумаб, капсула
14.
BRAF V 600 генінің мутациясы бар резекцияға жатпайтын немесе метастазды меланома
Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары
Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері
Дабрафениб, капсула
15.
Өкпенің бронхоөкпелік дисплазиясы
1 жасқа дейінгі балалар
1000 г дейінгі салмақпен туған өте шала туған нәрестелер
Паливизумаб, ерітінді дайындауға арналған ұнтақ
16.
Алғашқы глаукома, басқа көз аурулары салдарынан туындаған екінші глаукома
Астана қаласында кем дегенде бір жыл диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары
Дәстүрлі емдеуге толық жауап бермейтін белсенді сатыдағы
Бринзоламид, көзге арналған тамшылар
Тимолол, көзге арналған тамшылар
17.
Бронх демікпесі
Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары
Жеке көтералмаушы-лық жағдайында
Серетид (сальметерол + флутиказона пропионат), дозаланған ингаляцияларға арналған аэрозоль
18.
Артериялық гипертензия
Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары
Жеке көтералмаушы-лық жағдайында
Ванатекс (валсартан), таблетка
».
2 2. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»