Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата города Алматы от 20 июля 2017 года № 3/293 "Об установлении дифференцируемого тарифа на регулярные перевозки пассажиров в городских сообщениях на территории города Алматы"

Қаулы · № 1/31 · қабылданған 24.01.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2017-no-3293/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата города Алматы от 20 июля 2017 года № 3/293 "Об установлении дифференцируемого тарифа на регулярные перевозки пассажиров в городских сообщениях на территории города Алматы" Күшін жойған Қаулы ·№ 1/31 ·24.01.2018
22.08.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата города Алматы от 20 июля 2017 года № 3/293 "Об установлении дифференцируемого тарифа на регулярные перевозки пассажиров в городских сообщениях на территории города Алматы"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1/31 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата города Алматы от 20 июля 2017 года № 3/293 "Об установлении дифференцируемого тарифа на регулярные перевозки пассажиров в городских сообщениях на территории города Алматы"
Атауы (қаз.)
Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының аумағында жолаушылырды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы" 2017 жылғы 20 шілдедегі № 3/293 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1/31
Қабылданған күні
24.01.2018
Көрсетілген редакция
22.08.2023 118624_649951.kaz
Соңғы өзгеріс
22.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18R0001451
ЭКБ идентификаторы
118624
Редакция идентификаторы
118624_649951
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:02

0 Алматы қаласы әкімдігінің

«Алматы қаласының аумағында
жолаушыларды қалалық қатынастарда
автомобильмен тұрақты тасымалдауға
сараланатын тарифті белгілеу туралы»
2017 жылғы 20 шілдедегі № 3/293
қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлiгi туралы» Заңының 19 бабының 2-1 тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының аумағында жолаушыларды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы» 2017 жылғы 20 шілдедегі № 3/293 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1395 болып тіркелген, 2017 жылғы 22 шілдеде «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1. Алматы қаласының аумағында жолаушыларды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф келесі мөлшерде белгіленсін:
жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері арқылы немесе электрондық жол жүру картасы арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 80 (сексен) теңге;
жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 150 (жүз елу) теңге.».

2. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Дәрібаевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
2018 жылғы 25 қаңтар

Қолданыстағы