Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 20 июля 2017 года № 372 «Об утверждении Правил возмещения государству бюджетных средств, затраченных на обучение военнослужащих в военных учебных заведениях»

Бұйрық · № 567 · қабылданған 22.10.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2017-no-372-ekb-147732/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 20 июля 2017 года № 372 «Об утверждении Правил возмещения государству бюджетных средств, затраченных на обучение военнослужащих в военных учебных заведениях» Қолданыста Бұйрық ·№ 567 ·22.10.2020
22.10.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 20 июля 2017 года № 372 «Об утверждении Правил возмещения государству бюджетных средств, затраченных на обучение военнослужащих в военных учебных заведениях»

Қолданыста Бұйрық ·№ 567 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 20 июля 2017 года № 372 «Об утверждении Правил возмещения государству бюджетных средств, затраченных на обучение военнослужащих в военных учебных заведениях»
Атауы (қаз.)
«Әскери оқу орындарында әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 372 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
567
Қабылданған күні
22.10.2020
Көрсетілген редакция
22.10.2020 147732_487856.kaz
Соңғы өзгеріс
22.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021496
ЭКБ идентификаторы
147732
Редакция идентификаторы
147732_487856
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:11

0 «Әскери оқу орындарында әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 372 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Әскери оқу орындарында әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 372 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15524 болып тіркелген, 2017 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери оқу орындарында әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларында:
4, 5, 6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қызметтен шығарылған (оқудан шығарып жіберілген) әскери қызметшілерді есепке алуды:
1) теріс себептер бойынша қызметтен шығарылған офицерлерге қатысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті;
2) оқудан шығарылған курсанттар мен кадеттерге қатысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті (бұдан әрі – Департамент) жүзеге асырады.
5. Заңның 26-бабының 7-тармағына сәйкес қызметтен шығарылған (оқудан шығарып жіберілген) әскери қызметші есепке қою үшін келген жергілікті әскери басқару органы олардың жеке істерін алғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және Әскери білім және ғылым департаменттерін қызметтен шығарылған (оқудан шығарып жіберілген) әскери қызметшінің келгені туралы хабардар етеді және оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге шаралар қабылдайды.
6. Әскери бөлім тиісті басқару органы арқылы офицердің теріс себептермен қызметтен шығарылғаны және әскери есепке қойылғаны туралы 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаментін хабардар етеді.
7. Әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған, өтелуге тиіс шығыстарды есептеу үшін әскери оқу орындарының бастықтары жыл сайын 20 қарашаға қарай осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бір әскери қызметшісінің оқуына жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебін (бұдан әрі – жиынтық есеп) төлем жасалған валютада жасайды және Департаментпен келіседі және одан әрі бекіту үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына ұсынады.
Бұл ретте бюджет қаражатын өтеу сомасы өтеу туралы талап қойылған күні Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамын қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында есептеледі.
8. Әскери қызметші оқыған кезеңде Департамент және әскери оқу орындары жыл сайын білім алатын әскери қызметшілердің жеке (оқу) істеріне тігілетін және оқудан шығарып жіберілгеннен немесе оқуды аяқтағаннан кейін бір ай мерзімде жергілікті әскери басқару органдарына немесе әскери бөлімге жолданатын әрбір әскери қызметшіге жиынтық есепті жасайды.»;
осы Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ әскери оқу орнының атауы _____________________ мамандығы бойынша ____/_____ оқу жылы үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бір әскери қызметшісінің оқуына жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебі

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 22 қазаны
№ 567
бұйрығына қосымша
Әскери оқу орындарында әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларына
қосымша
Нысан
Бекітемін
Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрінің орынбасары
______________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)
«___» ________________________
(күні)
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
әскери оқу орнының атауы
_____________________ мамандығы бойынша ____/_____ оқу жылы
үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бір әскери
қызметшісінің оқуына жұмсалған нақты шығындардың
жиынтық есебі
(теңге)
Р/с

Шығыстар атауы
1-курс
2-курс
3-курс
4-курс
5-курс
1.
Білім алатын әскери қызметшінің стипендиясы
2.
Азық-түлікпен қамтамасыз ету:
1) жалпыәскери үлес
2) ұшқыштар үлесі
3) техникалық үлес
3.
Келісімшарттар (шарттар) бойынша төленетін оқыту
4.
Жол жүру ақысы
Жиыны
Ескертпе: барлық шығыстар қызметтер бастықтарының есеп-негіздемелерімен, келісімшарттар (шарттар) көшірмелерімен расталады, одан кейін жинақтау үшін қаржы қызметіне ұсынылады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бір әскери қызметшісінің оқуына нақты шығындардың жиынтық есебі шығыстарының әрбір тармағына жеке есептеулер жасалады және мынадай нормалар мен нақты шығындарға сәйкес жүргізіледі:

1 1) курсанттардың стипендиясын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646қбп қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде есептеу;

2

2) азық-түлікпен, тамақтандыруды қамтамасыз етуді «Бейбiт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн азық-түлiкпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11844 болып тіркелген) бекітілген нормалар бойынша есептеу;

3 3) келісімшарттар (шарттар) бойынша оқуға төленетін шығыстарды олардың мөлшерлемесіне сәйкес есептеу;

4 4) жол жүру ақысы шығыстарын оқу жылы кезеңіне жұмсалған нақты шығыстар бойынша есептеу.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы
М.О. ___________________________________________________
(әскери атағы, қолы)
«___»__________________
(күні)
Қаржы қызметінің бастығы (бас бухгалтер)
____________________________________________________
(әскери атағы, қолы)
«___»__________________
(күні)

Қолданыстағы