Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 20 июля 2017 года № 372 «Об утверждении Правил возмещения государству бюджетных средств, затраченных на обучение военнослужащих в военных учебных заведениях»

Бұйрық · № 511 · қабылданған 29.05.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2017-no-372/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 20 июля 2017 года № 372 «Об утверждении Правил возмещения государству бюджетных средств, затраченных на обучение военнослужащих в военных учебных заведениях» Қолданыста Бұйрық ·№ 511 ·29.05.2023
29.05.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 20 июля 2017 года № 372 «Об утверждении Правил возмещения государству бюджетных средств, затраченных на обучение военнослужащих в военных учебных заведениях»

Қолданыста Бұйрық ·№ 511 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 20 июля 2017 года № 372 «Об утверждении Правил возмещения государству бюджетных средств, затраченных на обучение военнослужащих в военных учебных заведениях»
Атауы (қаз.)
«Әскери оқу орындарында әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 372 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
511
Қабылданған күні
29.05.2023
Көрсетілген редакция
29.05.2023 182264_635002.kaz
Соңғы өзгеріс
29.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032622
ЭКБ идентификаторы
182264
Редакция идентификаторы
182264_635002
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:41

0 «Әскери оқу орындарында әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 372 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Әскери оқу орындарында әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 372 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15524 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери оқу орындарында әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Әскери оқу орындарында әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 26-бабының 10-тармағына сәйкес әзірленді және әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу тәртібін айқындайды.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Заңның 26-бабының 10-тармағына сәйкес қызметтен шығарылған (оқудан шығарылған) әскери қызметші есепке қою үшін келген жергілікті әскери басқару органы оның жеке ісін алғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және Әскери білім және ғылым департаменттерін қызметтен шығарылған (оқудан шығарылған) әскери қызметшінің келгені туралы хабардар етеді және оқытуға жұмсалған шығынды өтеуге шаралар қабылдайды.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы