О внесении изменений в постановление акимата Мугалжарского района от 20 декабря 2017 года № 482 «Об утверждении Правил использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Мугалжарского района от 20 декабря 2017 года № 482 «Об утверждении Правил использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность»
- Атауы (қаз.)
- Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 482 «Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 398
- Қабылданған күні
- 09.10.2019
- Көрсетілген редакция
- 09.10.2019 135199_423269.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.10.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19CI006409
- ЭКБ идентификаторы
- 135199
- Редакция идентификаторы
- 135199_423269
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:16
0 Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 482 «Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Заңының 18 бабының 22) тармақшасына және 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, Мұғалжар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 482 «Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5772 тіркелген, 2018 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидаларының 7 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Өзінің бағуында және пайдалануында қараусыз қалған жануарлар болған адам өзінің бағуындағы жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде олар аудандық коммуналдық меншікке түседі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» қаулысымен белгiленген тәртіп бойынша пайдаланылады».».