Құжат мәтініне өту

О внесений изменения в постановление акимата города Актобе Актюбинской области от 20 декабря 2017 года № 6648 «Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Актобе»

Қаулы · № 3489 · қабылданған 30.07.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2017-no-6648-ekb-133740/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесений изменения в постановление акимата города Актобе Актюбинской области от 20 декабря 2017 года № 6648 «Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Актобе» Қолданыста Қаулы ·№ 3489 ·30.07.2019
30.07.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесений изменения в постановление акимата города Актобе Актюбинской области от 20 декабря 2017 года № 6648 «Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Актобе»

Қолданыста Қаулы ·№ 3489 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесений изменения в постановление акимата города Актобе Актюбинской области от 20 декабря 2017 года № 6648 «Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Актобе»
Атауы (қаз.)
Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 6648 «Ақтөбе қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
3489
Қабылданған күні
30.07.2019
Көрсетілген редакция
30.07.2019 133740_416446.kaz
Соңғы өзгеріс
30.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19CA006319
ЭКБ идентификаторы
133740
Редакция идентификаторы
133740_416446
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:57

0 Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 6648 «Ақтөбе қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 6648 «Ақтөбе қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5836 тіркелген, 2018 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Ақтөбе қаласының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының басшысы С. Нәбиге жүктелсін

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Ақтөбе қаласы әкiмдiгiнiң

2019 жылғы 30 шілдедегі
№ 3489 қаулысына қосымша
Ақтөбе қаласы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 6648 қаулысына қосымша
Ақтөбе қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1 Көтермелеудің түрлері

1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

1 1) алғыс жариялау;

2 2) грамотамен марапаттау;

3 3) ақшалай сыйақы беру.

2 Көтермелеудің тәртібі

2 2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Ақтөбе қаласы әкімдігімен құрылған қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын, қылмыстардың алдын алуға және ашуға ықпал еткен азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұданәрi – Комиссия) қарайды.

3

3. Қоғамдық тәртіпті сақтауда, қылмыстардың алдын алуда және жолын кесуде белсенді қолдау көрсеткен азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныстарды Комиссияға қарауға «Ақтөбе облысының полиция Департаментінің Ақтөбе қаласының полиция басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – Полиция басқармасы) ұсынады.

4 4. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.

5 5. Көтермелеу түрiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушінің қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.

3 Ақшалай сыйақының мөлшерi

6 6. Ақшалай сыйақының мөлшерi комиссиямен белгіленеді және ол, әдетте 10 айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

7 7. Ақшалай сыйақыны төлеу облыстық бюджет қаражаты есебінен Полиция басқармасымен жүргiзіледi.

8 8. Ақшалай сыйақыны төлеу үшiн Комиссия қабылдайтын шешiмге сәйкес, қосымша Полиция басқармасы бастығының бұйрығы шығарылады.

9 9. Көтермелеуге ақы төлеуге қаражат Ақтөбе облысының полиция Департаменті шығыстарының құрамында жеке бағдарламамен көзделеді.

Қолданыстағы