О внесений изменения в постановление акимата города Актобе Актюбинской области от 20 декабря 2017 года № 6648 «Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Актобе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесений изменения в постановление акимата города Актобе Актюбинской области от 20 декабря 2017 года № 6648 «Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Актобе»
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 6648 «Ақтөбе қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3489
- Қабылданған күні
- 30.07.2019
- Көрсетілген редакция
- 04.08.2026 I133740_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19CA006319
- ЭКБ идентификаторы
- 133740
- Редакция идентификаторы
- I133740_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 18.09.2026 03:57
0 Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 6648 «Ақтөбе қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 04.08.2026 № 581 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 6648 «Ақтөбе қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5836 тіркелген, 2018 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Ақтөбе қаласының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының басшысы С. Нәбиге жүктелсін
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Ақтөбе қаласы әкiмдiгiнiң
2019 жылғы 30 шілдедегі
№ 3489 қаулысына қосымша
Ақтөбе қаласы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 6648 қаулысына қосымша
Ақтөбе қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері
1 Көтермелеудің түрлері
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:
1) алғыс жариялау;
2) грамотамен марапаттау;
3) ақшалай сыйақы беру.
2 Көтермелеудің тәртібі
2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Ақтөбе қаласы әкімдігімен құрылған қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын, қылмыстардың алдын алуға және ашуға ықпал еткен азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұданәрi – Комиссия) қарайды.
3. Қоғамдық тәртіпті сақтауда, қылмыстардың алдын алуда және жолын кесуде белсенді қолдау көрсеткен азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныстарды Комиссияға қарауға «Ақтөбе облысының полиция Департаментінің Ақтөбе қаласының полиция басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – Полиция басқармасы) ұсынады.