О внесении изменений в постановление акимата города Актобе от 20 декабря 2017 года № 6648 «Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Актобе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Актобе от 20 декабря 2017 года № 6648 «Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Актобе»
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 6648 «Ақтөбе қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3676
- Қабылданған күні
- 06.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 04.08.2026 I147284_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20CA007526
- ЭКБ идентификаторы
- 147284
- Редакция идентификаторы
- I147284_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 18.09.2026 03:55
0 Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 6648 «Ақтөбе қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 04.08.2026 № 581 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабының 2-тармағына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 6648 «Ақтөбе қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5836 тіркелген, 2018 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған қаулының қосымшасында:
орыс тіліндегі 1- тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Виды поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка:
1) объявление благодарности;
2) награждение грамотой;
3) выдача денежной премии.», қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
қазақ тіліндегі 3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«3. Қоғамдық тәртіпті сақтауда, қылмыстардың алдын алуда және жолын кесуде белсенді қолдау көрсеткен азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныстарды Комиссияға қарауға «Ақтөбе облысының полиция Департаментінің Ақтөбе қаласының полиция басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – Полиция басқармасы) енгізеді.», орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«6. Ақшалай сыйақының мөлшері комиссиямен белгіленеді және ол, әдетте, 10 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайды.».