О внесении изменений в решение маслихата от 20 апреля 2017 года № 86 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 20 апреля 2017 года № 86 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2017 жылғы 20 сәуірдегі № 86 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 206
- Қабылданған күні
- 16.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 21.05.2024 126099_702257.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18NI008114
- ЭКБ идентификаторы
- 126099
- Редакция идентификаторы
- 126099_702257
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:36
0 Мәслихаттың 2017 жылғы 20 сәуірдегі № 86 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мәслихаттың 2017 жылғы 20 сәуірдегі № 86 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7026 болып тіркелген, 2017 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
2- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегі тоқсанына бір рет «Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) тағайындалады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалына немесе www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталына балама негізде өтініш береді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 болып тіркелген) көрсетілген құжаттарды ұсынады.»;
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Стандарттың 4-тармағында көзделген мерзімде ұсынады.».
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Жангелдин ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________ Л. Зейнекина
2018 жылғы 13 қараша